Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері мәлім етті

Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері мәлім етті

Қарағанды облысында 12 шілдедекоронавирустық инфекцияның 56 жаңа жағдайытіркелді. Маусым айының үшінші онкүндігіненбастап аймақта КВИ-мен ауыратындар саныныңөсуі байқалады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіалаңында өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин айтып берді.

– Пандемия басталғаннан бері аймақта 151 753 расталған COVID-19 жағдайы тіркелді, 150 042 адам қалпына келді. Егер сәуір мен мамырда айынатіркелген жағдайы 10-нан аспаған болса, маусымайында 39, ал шілде айының 12 күнінде 246 коронавирус ауруы тіркелді, – дейді Юрий Залыгин. – Негізінен COVID-19 дертінвакцинацияланбаған және бір жыл бұрынвакцинацияланбаған, коронавирусқа қарсыревакцинациядан өтпеген азаматтар жұқтырады. 

Бүгінгі таңда өңірде бірінші компонентпенвакцинациялау 75,2 % немесе 674 537 адамды, екінші компонентпен 70,5 % немесе облыстың 632 394 тұрғынын қамтыды. Ревакцинациядан 239 928 адам өтті. Қайта ревакцинациялаудан – 14 671.       

Халық үшін үш вакцина қолжетімді: " Комирнати", "КазВак" және "Веросел". 

– Тағы да алдын алу шаралары туралы ескесалғым келеді. Әлеуметтік қашықтықты сақтауға, антисептиктерді қолдануға кеңес береміз. Коронавирустық инфекцияның алдын-алудыңжалғыз нақты шарасы – вакцинация. Сондықтаноблыс тұрғындарына дер кезінде екпе алу қажет. КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынанөткен және вакцинациядан кейін 6 айдан астамуақыт өткен адамдарға қайта вакцинациядан өтуқажет, – деп толықтырды Юрий Залыгин.

Өңірде А вирустық гепатитімен, созылмалывирустық гепатитпен, парентеральды гепатитпен, педикулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуібайқалады, менингококк инфекциясы бойыншажағдай тұрақты. Сонымен қатар, жіті ішекинфекцияларымен, бруцеллезбен жәнетуберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуібайқалады.

Жомарт Шаймұрат
14.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28033
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27513
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44890
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40541
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45201