Қарағанды облысының кәсіпкерлері Жеңіс Қасымбекке өз проблемалары мен ұсыныстарын жеткізді

Қарағанды облысының кәсіпкерлері Жеңіс Қасымбекке өз проблемалары мен ұсыныстарын жеткізді

 

 

Қарағандылық супермаркеттердің сөрелеріне "Қарағандыда жасалған" деген белгімен тауар оралады. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті өндірушілерді қолдауға дайын екенін жеткізді.

Өңір басшысы онлайн-форматта қарағандылық кәсіпкерлермен бірнеше кездесу өткізіп, көптеген ұсыныстар мен өзекті мәселелерді талқылады.

Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының басшылары түрлі мәселелерді көтерді, соның ішінде супермаркеттер сөрелеріне олардың өнімдерінің қолжетімділігі, заңды тұлғалар үшін баға белгілеу және коммуналдық тарифтер мәселелері.

Азық-түлік және аграрлық өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін бизнесмендер субсидиялау бағдарламасын ашық әрі қолжетімді етуді сұрады. АӨК-нің көптеген өкілдері жайылымдық жерлердің тапшылығына шағымданды.

Қарағанды облысының жер қатынастары басшысы Дарын Бұлқайырдың айтуынша, қазір тиімсіз пайдаланылған жерлерді мемлекеттік меншікке алу мүмкін болып отыр.

– Бүгінгі таңда Президенттің тапсырмасы аясында Qolday бағдарламасы бойынша шамамен 7 млн 600 гектар пайдаланылмаған немесе ұтымсыз пайдаланылған жер ретінде мониторингке қойылды. Жайылымдар көлемін ұлғайтуға келетін болсақ, аудандар бұл жер учаскелерін резервте ұстайды және бірлесіп пайдаланады. Облыс бойынша жерді қайтарып алу Жол картасы бекітілді, – деп хабарлады Дарын Бұлқайыр.

Жергілікті мал өсірушілермен мәселе де өзекті. Шекаралардың жабылуы және бәсекелестік ортаның болмауы олардың көпшілігін банкроттыққа әкелуі мүмкін, деп шағымданды осы саланың өкілдері.

Өз кезегінде жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпкерлері мемлекеттік сатып алулармен байланысты проблемалар және білікті кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтып берді.

– Бізде колледждер, училищелер бар, онда біздің сала үшін студенттер грантта оқиды. Бірақ олар жеткіліксіз. Облыста 50-ге жуық компания бар, олардың әрқайсысына жұмыскер қажет. Фабрикамыздың Қарағандыдағы филиалы 250 жұмыс орнына арналған, ал іс жүзінде біз тек 15–20% ғана жұмыскер алдық. Колледждерге сапарлар, практикаға шақыру, меморандумдарға қол қою және стипендиялар төлеу тиісті нәтиже бермейді, – деді "Ютария ltd" ЖШС бас директоры Сәуле Шауенова.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер импорттық тауарларды жеткізушілерге және тендерлерді жиі жеңіп алатын басқа аймақтардан келген кәсіпкерлерге шағымданды.

 Жеңіс Қасымбек қала және аудан әкімдеріне бизнесмендермен кездесіп, барлық мәселелерді пысықтауды тапсырды.

– Кәсіпкерлерге күрделі екі жылда қарағандылықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз еткендеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Егер қалалық және облыстық билік қандай да бір мәселелерді байқамаса, онда біз түзететін боламыз, – деп уәде берді аймақ басшысы.

 

 

Жомарт Шаймұрат
04.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 184
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 181
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 148
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 509
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 466

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9166
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8564
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11792
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9560
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10772