Қарағандылық оқушы инсульттан кейінгі оңалту үшін интерактивті қосымша әзірледі

Қарағандылық оқушы инсульттан кейінгі оңалту үшін  интерактивті қосымша әзірледі

Қарағандының NIS 11-сынып оқушысы Ұлан Мұстафин инсульттан кейін пациенттерге үй жағдайында интерактивті оңалтудан өтуге мүмкіндік беретін STROKE REC AR бағдарламасын әзірледі. Оқушының кеңейтілген шынайылық технологияларын қолдана отырып қосымшаны құруға туысы – дәрігер шабыт берді.

Оқушы қосымшаны әзірлеуге бір жарым жыл уақыты кетті. Ол компьютерлік қосымшадан және компьютердің жанында орнатылған қозғалыс сенсорының функциясымен жабдықталған бейнебақылау камерасынан тұрады.

– STROKE REC AR кеңейтілген шынайылықта инсультты қалпына келтіруді білдіреді. Қосымша үй жағдайында ойын форматына бейімделген интерактивті емдік-дене шынықтыру жаттығуларын орындауға мүмкіндік береді. Барлық жаттығулар дәрігерлермен келісілген. Яғни, науқас үйде бола алады, қосымшаны орнатып, өздігінен жаттыға алады, – дейді Ұлан. – Мысалы, жаттығу терапиясында қолды кезекпен көтеруді қажет ететін жаттығу бар. Қосымша сонымен қатар пациенттерге ағаштан алма жинауға имитациялауды ұсынады. Камера қозғалыстарды тіркейді, ал монитор экранында алма жинау арқылы науқастың қимылын қайталайтын адам көрінеді. Яғни, толықтырылған шынайылық жасалады.

Қосымшаның тағы бір ерекшелігі – бағдарлама пациенттің барлық нәтижелерін жинайды және сақтайды, оған ұпай береді. Оңалту курсы кезінде бұл нәтижелерді талдау арқылы науқастың белсенділігін бағалайтын немесе курсты түзететін дәрігер көре алады. 

– Мен авторлық құқықты тіркедім. Жақын арада Қарағанды клиникаларының бірінің базасында қосымшаны машықтан өткізу жоспарлап отырмын. Сынап көру үшін инсульт алған пациенттер қатысады. Олардың нәтижелерін дәрігерлер қадағалайды. Қосымшаның тиімділігі расталғаннан кейін мен оны кеңінен қолдану үшін ұсына аламын, – деп толықтырды оқушы.

 

                                                                                           

 

Жомарт Шаймұрат
25.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 439

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8536
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744