ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ

ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ

Қаншама қарыштап дамып кеттік дегенмен, шалғайдағы елді-мекендердің көпшілігінде интернет желісі жоқ. Барларының өзінде интернет жылдамдығы іш пыстырады. Кей ауылдарда төбе басына, үйдің шатырына шығып кетіп ағайын-туысымен хабарласып жатқан жұртты көресің. Қынжыласың. Қамығасың. Неге бұлай? Бұл бірдің емес, мыңның жүрегінде жүрген сауал!

Күні кеше Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді» таныстырды. Өте дұрыс бастама. Қоғам үшін қажет заң жобасы. Бірақ... Осы бірақ бізді үнемі тығырыққа тіреумен келеді. «Бақсақ, бақа екен» демекші, бақсақ, мәселе тіпті басқаша болғалы тұр. Түсінікті болу үшін айта кетейік, заңнамалық түзетулерге  сәйкес кәсіпкерлер енді өз есептерін тек электронды түрде тапсыруы қажет екен.

Егер заң жобасы мақұлданып кетсе, жоғарыда біз айтқан шалғайдағы ағайын құжаттарын электронды жіберуге міндеттелмек. Ал интернеті жоқ, болған күнде де интернеті әлсіз ауылдар қайтпек?

 Заң жобасын талқылау барысында парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің кейбір елді мекендерінде интернет нашар екенін айтып, құжаттарды қағаз күйінде тапсыруды қалдыру керек деген ұсынысын жеткізді. Бұл елдегі жағдайдан хабардар адамның сөзі! Әйтпесе тас көшеде өскен балалар, құмды ауылдардағы жағдайдан бейхабар. Мәжіліс спикері былай деді: «Біріншіден, барлық жерде интернет бірдей емес. Қазір ауылдарда, тіпті кейбір орталықтарда интернет сапасы нашар. Екіншіден, барлық кәсіпкер құжаттарды электронды түрде өткізуге дайын емес шығар. Мысалы бір ауылдағы дүкенді алайық, ол жерде бір-ақ адам жұмыс істейді. Яғни дүкеннің иесі де, сатушысы да, есепшісі де сол кісі. Ал егер оның планшеті, компьютері болмаса, онда ол цифрлы құжаттармен қалай жұмыс істеп, есеп тапсырады? Бұдан бөлек, мына ұсынылып отырған заң бойынша, бизнес иесі есепті уақытылы тапсырмаса, жауапкершілікке тартылады екен». 

Осы жерде спикердің сөзіне біздің алып қосарымыз, ауылда интернеттің жоқтығына кінәлі адамдар жауапкершіліктен жалтарып кетпек  пе тағы да? Неге кәсіпкерлер біреу үшін күйюі тиіс? Егер заң жобасына осы түзету еніп кетсе, ғаламтордан алыста, шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкер не үшін айыппұл төлеуі керек?

Нығматулин мырза бұл тығырықтан шығар жолды да нұсқады. «Қазіргі заңға сәйкес шағын бизнестің өкілі барлық есеп пен құжатты реттеуші мемлекеттік органға екі нұсқада, яғни қағаз және электронды түрде тапсыра алады. Сол себепті осы норманы қалдыру қажет». Әйтпесе де спикер: «Өзгерістерді 2023 жылғы 1 қаңтарда енгізбекші екенсіздер. Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ауылдар интернетке 2025 жылы қосылады дейді. Не істеп жатырсыздар? Мына өзгерістер қабылданса, есеп тапсыру быт-шыт болады», — деп бір-ақ қайырды Нығматулин.

Нағашыбай Қабылбек
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 110
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 123
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 213
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 213
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 351
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 351
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 582
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 525

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9231
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8627
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11853
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9623
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10835