Қаратау қаласында ауыл әкімдеріне оқу-тәжірибелік семинары өтті

Қаратау қаласында ауыл әкімдеріне оқу-тәжірибелік семинары өтті

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару реформасы жобасы аясында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлеріне арналған оқу-тәжірибелік семинары өтті. Аталған семинар ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Шараға Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Жуалы, Талас аудандарының экономика, қаржы бөлімдерінің мамандары мен ауыл әкімдері қатысты. Семинарды Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ жобасының сарапшысы Қанатбек Зертүймеев ашып, оқу-тәжірибелік семинарының маңыздылығына тоқталды. Семинарда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Нұртасқан Әжіметов баяндама жасады. Ол Парламентке ұсынылған «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңының жобасын семинар қатысушыларына баяндады. Ал, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік құжаттарды әзірлеу және мониторинг жүргізу басқармасының басшысы Мақсұт Құрықбаев аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлауын өткізу мәселелеріне жеке-жеке тоқталып өтті. Бұдан бөлек, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сандуғаш Абдралиева, қаржы басқармасы басшысының орынбасары Батырхан Әкек IV деңгейлі бюджетті жоспарлау, атқару бойынша мақсат-міндеттерді жеткізді. Семинар барысында қатысушылардың толғандырған сауалдарына мамандар жауап беріп, өзара пікір алмасты. Айта кетейік, оқу-тәжірибелік семинар ертең Меркі ауданында өтуде.

aqjolgazet
15.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 102
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 114
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 205
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 205
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 343
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 574
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9222
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8618
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11844
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9614
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10827