Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды

Қасқырды қанша асырасаң да,  орманға қарап ұлиды

Петропавлдағы  «Народный совет»  деген  сепаратистік  ұйымның масқара әрекеті бүкіл республиканы дүр сілкіндірді. Әншейінде селт етпейтін биліктің заң орындары бұл жолы ресейшіл сепаратистерді сабасына түсіруге өре түрегелді. Олардың талабы да тым өрескел, тым шектен шыққандық. СҚО-ны Қазақстаннан бөліп, Ресейге беру. Мәссаған десеңші! Бүйректен сирақ шығару деген осы! Ол дегенің қоң етіңді кесіп берумен тең ғой. Жер астынан жік шыққандай олардың мұнысы несі? Оларға не жетіспей жатыр? Солардың көңіліне қарап жалбақтағанымыз соншама, өзіміздің төл тілімізді ысырып қойып, орыс тілін төрге шығарғанымыз ба біздің кінәміз? Еш мемлекетте жоқ Ассамблея құрып, өзіміз аш-жалаңаш жүрсек те, оған миллиондаған қаржы шығарып ұстап отырмыз. Тіптен, олар ренжімесінші деп, «қиналып қаларсыңдар, латын әліпбиіне көшпей-ақ қойыңдар, біз-ақ көшейік» дедік бипаздап. Асты-үстіне түсіп, қас-қабағына қараған орысшылдардың орманына қарап ұлығаны-ай!

Өткенде Батыс Қазақстанда да осылай болды. Үндемедік. Енді мінеки, өзіңнің оқ жыландарың қар астынан шыға келіп, азу        тістерін ақситты. Жылан шақпасын де, шақса оның уы денеге тез жайылып, әп-сәтте жан тапсырасың. Мәлімдеме жасап отырған – он шақты адам. Бәрі де сауатты. Заңды жаңғақша шағады. Ертең мына сепаратистік пиғылдары әшкере болса, сотталатынын анық біледі. Заңда ол ап-анық жазылған. Сепаратистік пікір айтсаң бітті, 7 жылға сотталасың. Сонда ештеңеден қорықпай осындай әрекетке олар қалай барып отыр? Олардың қорғаушысы кім? Әлбетте, алыстан ши жүгіртіп, бұлардың делебесін қоздырып, қып-қызыл шоқты үрлеп қоздатып отырған – Мәскеу. «Қырымды тартып алғаны – Украинаға қол салғаны, Украинаны алғаны – онда Қазақстанға көз салғаны» демекші, осыларды түртпектеп отырғандар ертең «қазақтар орыстарды қуғындап жатыр» деп еліріп шықпасына кім кепіл?!.

Соңғы кездері орыстар миллиондап қазақ жеріне кіріп кетіпті деген қауесет тарады. Оның шын-өтірігін білмеймін, бірақ өткен аптада Ресейден келген бір орыспен сөйлесіп қалдым. «Бізге Қазақстанда ғана еркін өмір сүруге болады. Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Өз тіліңде еркін сөйлейсің. Ешкім қуғындап жатқан жоқ. Рас, біз босқынбыз. Қазақстанға соғыстан қорыққаннан келдік. Путиннің соғысқұмарлығын біз құптамаймыз. Ол ақымақ, зұлым адам. Біздің Ресейдің деревнялары қаңырап бос қалған. Онда бизнес жасай алмайсың. Әлем бізге қыспақ жасап жатыр. Ресейде қазір жоқшылық. Соғыста қаншама адамдар қырылып жатыр. Мен де солардың бірі болғым келмейді», – деді ол. 

Тағы бір зор қауіп – Қазақстанда қой терісін жамылған қоғамдық ұйымдар өте көп. Біздің заң орындары оларды тексеріп, пиғылдарын жария етуі тиіс. «Жау жоқ деме! Бөрік астында» демекші, сақ болайықшы, ағайын!

 

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 579
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 49
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 5 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 28

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14721
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13504
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16798
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15669
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20744