Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Осыған дейін Түркиядағы алапат жер сілкінісі салдарынан елдің 10 провинциясында көз жұмғандар саны 284 жетіп, зардап шеккендер 2323 жеткені хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметі
06.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

«АРЫҚ СӨЙЛЕП,  СЕМІЗ ШЫҚ!»
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе – Қандыағаш – Жем - 31.08.2025 97
Көтердім 51 пұт кірдін тасын
Б.МЕРГЕНБАЕВ, «Аманат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі - 31.08.2025 122

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17089
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16931
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32120
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30715
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34351