Қатар Қазақстанмен парламентаралық дипломатияны күшейтуге мүдделі

Қатар Қазақстанмен парламентаралық дипломатияны күшейтуге мүдделі

Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Катар Консультативтік кеңес төрағасы Хасан Абдулла Әл-Ғаниммен кездесті.

Сұхбат барысында екі елдің парламентаралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл ақпан айында Дохаға жасаған мемлекеттік сапары аясында Консультативтік кеңесте сөйлеген сөзі жергілікті қоғам тарапынан ерекше ықыласпен қабылданғаны мәлім етілді.

А. Исағалиев Қазақстандағы саяси, экономикалық және әлеуметтік салада қолға алынған кең ауқымды реформалар бойынша толық ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, негізгі салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы екі ел үкіметтері наурыз айында қол қойған келісім негізінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру қолға алынғанын хабарлады.

Өз кезегінде, Х. Әл-Ғаним қол жеткізілген уағдаластықтардың сапалы түрде орындалуына екі ел парламенттері жан-жақты қолдау көрсетулері маңызды деп мәлімдеді. Бұдан бөлек, Қатар парламентінің спикері Қазақстандағы бірқатар салаларда, оның ішінде әлеуметтік қорғау бағытында орын алып жатқан оң бетбұрыстар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға лайық екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-қатар стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар жоспарын қарастырды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
29.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

 СЕНАТОРЛАР АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫРМАЙТЫНДЫҚТАРЫН ЖЕТКІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 06.01.2025 24
Биыл айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды
Фото: «Milliy TV» телеарнасы АСТАНА. KAZINFORM https://kaz.inform.kz/news/biil-aynalimi-60-mlrd-tengen-kuraytin-36-zansiz-kriptoayirbastau-punkt-zhoyildi-54f855/ - 06.01.2025 73
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1211
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1548
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1556
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1548
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1559
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1339

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12437
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14581
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13532
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18553