Қазақ масс-медиасы жаңа оқулықпен толықты

Қазақ масс-медиасы жаңа оқулықпен толықты

ҚР Ұлттық академиялық кітапханадағы Мұқағали Мақатаев залында журналист-публицист, «Astana aqshamy»  республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы, белгілі журналист Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітабының тұсаукесері өтті. 

«Бас редакторлар клубы» мен «Elorda Aqparat» ЖШС-ның қолдауымен ұйымдастырған тұсаукесерді «Бас редакторлар клубының» президенті, ҚР Парламенті Сенат төрағасының кеңесшісі Бибигуль Жексенбай ханым құттықтау сөзімен ашты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан, қазақтың қайраткер қызы, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы, «Astana aqshamy» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, журналистика факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Мұратбек Тоқтағазин кітаптың «тұсауын» кесті. Іс-шараға еліміздегі БАҚ басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және оқырман қауым қатысты.

Тұсаукесу рәсімінде ҚР Парламент депутаттары Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан жаңа кітап туралы: «Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегеніндей, қазіргі алмағайып, цифрлы технологиялар заманында қағаз баспасөздің жолайрықта тұрғаны рас. Тіпті, қазақтың, елдің тағдырының да қазір үлкен бір жолайрықта тұрғанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл кітап масс-медиа саласындағы өзгерістерді, классикалық журналистика мен заманауи цифрлық медианың айырмашылығын, жалпы қазақ журналистикасының жолайрықтағы бүгіні мен болашағын ғылыми тұрғыда талдап-сараптап, жан-жақты зерттеп жазылғандығымен құнды» десе, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы: 

– Мен журналистикаға кеш келдім. Бірінші көрген әріптесім. Төлен өзінің қазақы болмысымен, иман парасатымен ерекше. Ұстаз ретінде бұл оқулықтың қазақ журналистика саласында, масс-медиада жүрген барлық ізденушілерге керек екенін білемін. Өзім де оқып шықтым. Бір мақаланы зорға жазып жүрген заманда бұл үлкен еңбек, ізденіс деп білемін. Төлен балам да жолайрықта тұр. Ғылымға бет бұрмақшы екен. Ақжол тілейміз. Сондықтан еңбегің жемісті болсын! Қасиетті ораза айттың екінші күнінде әдейі ырымдап тұсауын кесіп жатырмыз. Жалғасы бола берсін. Құтты болсын! - деп ақжарма тілегін арнады.

Міне, осы талпыныс, ізденіс Төленді ғылыми зерттеу жолына түсірді. Төлен Тілеубай журналисттік тәжірибесімен ғылыми ізденісін сәтті түйістіре білгенін де кітап айқын аңғартады, – деді. Сондай-ақ Ақпаратты технологиялар маманы Сұлтан Ыбырай: 

– Әдетте, әлемдегі әртүрлі заманауи зерттеулерде кенжелеп жүретін қазақ қоғамында осындай қазақ тіліндегі оқу құралының басылып шыққанына қуандық. Тереңнен қазып, ізденіп зерттелген тақырып екендігін АҚШ пен Еуропа, Жапон мен Корейде, біздің көршілер Ресей, Украинда, қандас Өзбекстанға дейін не болып жатқандығы жайында мол мәліметтер мен мамандардың пікірлері, жасалған қорытындылардан білінеді. Радио бірінші шыққанда газет өлді дескен, теледидар шыққанда радио өлді дескен, ал интернет пен конвергенция қосылып тағы бір сатыға шыққанда аталған медианың бәрінің күні таядыға жорығанбыз. Әлеуметтік желілер де БАҚ-тың соры дескенбіз. Бірақ кез келген нарық секілді сұранысқа байланысты әр нәрсе өз орнын алады екен. Маманы мықты болып, жазғаны жүректерден орын тапса, қағаз газеттердің өлшеулі болса да өз орны болатынына көз жеткендей. Кітап зерттеуі жер шарының шығысында қағаз басылым өз десін бере қойған жоқтығын, ал батыста керісінше үрдіс жүріп жатқанын айтады.  

«Mazmundama» қоғамдық қоры баспаға дайындаған оқулық-кітаптың алғысөзін жазған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры. Қазақстан ЖМ ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Заркын Тайшыбай: 

– Бұл еңбекте бүгінгі таңдағы масс-медиа саласындағы құбылыстар мен өзгерістерге талдау жасалып, заманауи цифрлық технологиялардың ақпараттық коммуникацияларға әкелген өзгерістері жан-жақты зерттелген. Шартты түрде «классикалық» деп аталатын журналистика мен заманауи цифрлық медианың арасындағы айырмашылық, байланыс, бәсеке – бір-бірін толықтыру сипатында айқындалған. 

Салтанатты рәсім соңында кітап авторы Төлен Тілеубай: 

– Зерттеу барысында қазір онлайн-газеттер мен цифрлық медиа құралдарының ақпарат таратуда, оқырман қажеттіліктерін қанағаттандыруда баспа БАҚ-тың алдына түсіп, жаңаша парадигма қалыптастырғанын анықтадық. Демек, баспа БАҚ өзінің форматын, мазмұнын, сапасын өзгертуі қажет. Жиналған қауым, ат төбеліндей ағалар, апалар тілеулес болып, қолдап-қолпаштап, ізгі ниет білдіріп жатқан Сіздерге мың алғыс. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін үлкен жауапкершілік, – деп, көпшілікке жылы лебізін білдірді.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601