ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ МЫҚТЫ БОЛҒАН

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ МЫҚТЫ БОЛҒАН

“Қазақ қызы анау, қазақ қызы мынау”, “қатын бастаған көш оңбайды”(еркек бастаған көш 30 жылда керемет оңып кеткендей) деген сынды сөзді көп айтатындар бар. Бірақ қазақ қыздары мен аналары талай тарихи миссияны орындап тастаған сияқты. Ұлт алдындағы. 

Ұлтты өлтірмеген қазақ қыздары, аналар. Егер 1920-22, 1930-33, 1937-38, 1941-45-тегі қырғыннан шыққан соң, қазақ аналары ұлт алдындағы жауапкершілікті сезінбегенде, халық саны айтарлықтай өспес еді. Сондықтан қазақ әйеліне бас ием. 1955-70 жылдар нағыз беби-бум болды. Жарты ғасыр қырылған халықты демографиялық дағдарыстан 15-20 жылда алып шықты. Қазақ әйелдері алып шықты түсінген адамға. 90-жылдардың тоқырауында біраз еркек сынып кетті. Бірақ аналар сынбады, ала дорба арқалап, 2000-ға дейін сүйреп, бейнет көріп тағы алып шықты. Бірақ оны көп еркек мойындағымыз келмейді. Қазақ әйелдеріне арналған бір мықты ескерткіш көрмедім (бар болса салыңыздар пікірге).

Мынау екінші дүниежүзілік соғыстағы әйелдерге арналған. Лондонда орналасқан. Мағынасы терең.

Ескерткішті айнала 17 түрлі костюм ілінген. Өрт сөндірушіден бастап егін егушіге дейінгі мамандықтардың арнайы формалары. Сол арқылы ескерткіш авторы соғыс кезінде еркекке тән ауыр жұмысты әйелдер атқарғанын көрсеткісі келген. Ал төменгі жағындағы "Екінші дүниежүзілік соғыстың әйелдері" атты жазуды арнайы тамақ алатын карточкалармен жазған. Қарапайым, бірақ терең мағынаға ие. Былайша айтқанда Ұлыбританияны ағылшын әйелдері аман алып қалды дегенді меңзейді. Бұлармен салыстырсақ қазақ әйелдері он есе қиын сан түрлі ұлт алдындағы миссияны алып шықты ғой.

Асхат Қанализдің фб парақшасынан
01.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 20
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 2
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 8
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 12
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 20
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545