ҚАЗАҚ СПОРТЫНА ТҮБЕГЕЙЛІ РЕФОРМА КЕРЕК

ҚАЗАҚ СПОРТЫНА ТҮБЕГЕЙЛІ  РЕФОРМА КЕРЕК

Себебі жүйе жоқ, стадион жоқ, резерв жоқ…

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби спорт клубтарын толықтай мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың қажеті жоқ екенін айтты.

 

«Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда», – деді Тоқаев.

 

Халықтың қалтасынан шыққан қаржының күшімен ғана күн көретін Қазақстан кәсіпқой спортына айтылар сын көп. Бюджет қаржысының бүйірін сорып отырған футбол, хоккей, баскетбол, велоспорт сынды «қомағай» спорт түрлерін қаржыландыру үшін жылына миллиардтаған ақша қажет.

Спорт клубтарына жыл сайын қыруар қаржы бөлініп жатқанымен, қаржыға сай нәтиже талап етіп жатқан ешкім жоқ. Бұл клубтар ел алдында, мемлекет алдында есеп те бермейді. Бюджеті қанша, шетелдік спортшыларды қаншаға сатып алды, оларға қанша жалақы төлейді, нәтиже қандай деген сұрақтар шенділерді ешқашан мазаламайды. Жауапты басшылар бөлінген қаржының қайда жұмсалғаны жайлы жұмған аузын ашқан емес.

Сарапшылардың ойынша, осындай жабық саясат спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықты өршітіп жіберген. Кәсіпқой спорт клубтары шенділердің қалтасын қампитатын қамбаға айналғаны өтірік емес. Оның үстіне, біздің елде спорт федерацияларын кәсіби маман емес, әкім-қаралар басқарады. Демек, кейбір спорт түрі, кейбір басшының жекеменшігіне айналып кеткен десек те болады. Ендеше, 30 жыл бойы мол қаржы бөлініп, жемқорлық жайлап алған саланы Президент Тоқаев бір ауыз сөзімен өзгерте ала ма?

 

Ең өкініштісі, кәсіпқой спортқа миллиардтап қаржы шығындасақ та, жеткен жетістігіміз тым аз. Футболдан ұлттық құрамамыз әлемдік рейтингте 120-орында тұр. 20 жыл жанталассақ та өзімізден бірде-бір әлемдік деңгейдегі хоккейші шыққан жоқ. Хоккей құрамамызда кілең шетелдіктер өнер көрсетіп жүр. Велоспорт, баскетбол құрамаларымызда да қаптаған легионерлер. Қазақ түгіл, қазақстандық ойыншылар жоқ. Қазақ билігі сонда да бос мақтан үшін шетелдік спортшыларға ақша шашудан шаршамай отыр.

 

Биыл Қазақстан футбол федерациясы ел футболы үшін тиімсіз шешім қабылдады. Қазақстан біріншілігіне шетелдік ойыншыларға шектеу алынып тасталды. Енді алаңда 11 ойыншы шетелдік легионерлер ойнаса да өз қалаулары. Қазақстанда легионерлерді шектеу алынып тасталды. Футбол клубтары ойынға шектеусіз шетелдік ойыншыларды шығара алады. Ал қазақ балалары қайда ойнап, қайда өсуі керек сонда? «Біз жеңілдік. Қазақ футболы жеңілді. Қазақ футболында жұмыс істейтін агенттер жеңді. Олар тойлап жатыр», – деп жазды футбол комментаторы Уәлихан Қосанбай. Футбол сүйер қауым жоғарыда жазылған комментатор ойымен келісуі мүмкін. Себебі бұған дейін ойын барысында клубтарға 7 шетелдік ойыншыны шығаруға рұқсат берілген еді. Енді бұл шектеу алынып, әр клуб қалағанынша шетелдік легионерді ойынға шығара алады.

Қысқасы, қаржысы мол қазақ спортына үлкен реформа керек. Кәсіпқой спорт клубтарын есепсіз қаржыға көміп қоюды тоқтатпасақ, ел спорты ешқашан дамымайды. Бақылау күшеймесе, спорттағы сыбайлас жемқорлық та тыйылмайды.

Күні кеше ғана гректерден ойсырай ұтылғанымыздан кейін түрлі сындар айтылды. Арман көкке ұшты. Ертегінің аяқталар тұсы осы екен. Жазда Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысамыз ба деген зор үміт бар еді. Афинада азулы Грекиядан ірі есеппен ұтылдық. Бас бапкер Магомед Әдиевтің Қазақстан құрамасын осы деңгейге жеткізгеніне дау жоқ. Бірақ, Грекия жеріндегі матчта қарсылас ойламаған жүріс жасаймын деп, қарсыласының шаруасын жеңілдеткені қынжылтады. Еуропа чемпионатына қол созым жерге дейін жетіп, бұрын түсімізге де кірмеген нәтиже үшін Әдиев бастаған командаға алғыс шексіз. Дания үшін, Финляндия үшін, топтағы үшінші орын үшін рақмет! Ұлттар лигасындағы бірінші орынның орны бір бөлек. Десе де, бүгін матчтағы тактикасына қарап, сынау орынды деп таптық. Сыннан сабақ алып, Ұлттық құраманың алда алар асуы бар екеніне, бұдан да жоғары биіктікті бағындырарына біз сенбейміз емес, сенеміз!

 

Бапкерлер мен ойыншылар барын жасады, оларды да кінәлауға келмейді. Кінә жоғары жақтан болып тұрған жоқ па? Жүйе жоқ, стадион жоқ, резерв жоқ… деп спорт журналисі Аслан Қажен жақсы пікір білдірген болатын. «Сол күні жастарымыз Шотландиядан 4:1 есебімен жеңілді. Қазақ балаларына ішкі біріншілікте ойнауға мүмкіндікті шектедік. Есесіне есігімізді легионерлерге айқара ашып тастадық. Ұлттық құраманың өзіне ресейлік ойыншыларды әкеліп жатырмыз. Көк паспорттың қадірін кетірдік. Қазақстанды «проходной двор» қылдық. Қаржыны ауаға шаштық. Шамамызға  қарамай, жаттығу жиынын Дубайда, қысқы кубокты Белекте өткіземіз. Елде жөні түзу футбол алаңы жоқ. Өзбектер тәуелсіздік алғалы бері 10 стадион салғанына күлдік. Қырғыздар киіз үй үлгісіндегі 45 мың орындық арена көтергенін мазақ қып, ішімізден мырс еттік. Қысқасы, бізде намыс жоқ. Ең өкініштісі, осының барлығын ойлап жатқан адам да жоқ. Кім жауапты? Кім қазақ футболын осынша тентіретіп, болашағына балта шапты? Айналып келгенде айтарға сөз де қалмады. Иә, сөз де жоқ». 

 

Қадір Мырза Әлінің өлеңі бар еді ғой, «Қайсыбірін айтайын, қайсыбірін…» – деп аяқталатын. Осылай өз-өзімді тоқтатпасам, отандық футболдың проблемаларын жазып тауыса алмаймыз-ау…

 

 

Рауан Мутаир
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 23
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 5
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 10
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 14
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 11
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 23
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 250
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 245
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545