Қазақ халқы тағы да орысқа бодан бола ма?

Қазақ халқы  тағы да орысқа бодан бола ма?

Бұл сұрақ бір жылдан бері туындап отыр. Ресей басшылары  өткен 2022 жылы түбі бір халық: тілі, діні, тарихы бір украиндықтарға соғыс ашты. Мақсаты – украиндардың жерін жаулап алып, оларды орыстандырып, Ресейге қосып алу.

Бұл құбылыс – орыстың ғасырлар бойы  ұлыдержавалық шовинистік саясатын жалғастыруы. Әділетсіз соғыстан (Ресей жағынан) қашқан орыстар Отаны Ресейден кетіп, басқа көрші мемлекеттерге паналауға ұмтылды.

Орыстарға ең қолайлысы Қазақстан болып тұр. Себебі бізде орыс тілі мемлекеттік қазақ тілімен тең қолданылады. Орыстанған рухымыз әлі толық санамыздан кеткен жоқ, Мемлекет басшымыз бұрынғы отаршылардың билігіне әлі де жалтақтауын қоймады. Осыдан Ресейден қашқан орыстар ең құнарлы жері, ауа райы, табиғаты қолайлы Алматының шығыс жағында, кіші Алматы өзенінің жағалауында бұрыннан шоғырланған.

Мен 80-ге келіп қалған кейуанамын. Маған немерем азық-түлігімді, керек-жарағым мен дәрі-дәрмектерімді жеткізіп тұрады. Бірде көлігімен келгенде орыс көршілер алдынан шыға келіп, шлагбаумға жақындатпай қояды. Немерем түсіндіріп айтайын десе сөйлетпей, бас салып «баран», «колбит» деп ауыздарына келген былапыт сөздерін айтып, намысын таптапты.

«Осы үйде тұратындардан басқа көлік кірмеу керек, бұл жердің қожасы біз, бар кет!» – деп ұра жаздапты. Сонда біз абақтыдағы адамнан да жаман болдық қой. Бұл Достық көшесімен Л.Чайкинаның қиылысы. Рұқсат алу үшін 25 мың теңге төлеу керек. Ол мен үшін үлкен қаражат. Менің бір дәрім 30 мың теңге тұрады. Тағы бір орыстардың үстемдігі жүріп тұрған жер – ПИК.

 Сол жерде бұрыннан жұмыс жасап отырған КСК қызметкерлеріне кінә тағып, жұмыстан шығарып, өңшең орыстың қыз-қатындарын жұмысқа алған, ит жетектегендері өзінше бастық болып алыпты. Біз қазақ ұлтымыз егемендік алып, тағы да орыстан неге қорлық көруіміз керек? Елімізде жаңадан қосымша заңдар шығып жатыр, сол заңға қазақ халқының намысына тиетін «колбит», «баран», «тупой» деген сияқты сөздер айтса, жазаланады деп  қосса, көп дөрекілікке тыйым болар еді. Қазақ елінде қай жерде де басшы тек қана қазақ ұлтынан  болу керек,  сонда ол өз ұлтына  әрдайым жанашыр болып, қорғап жүрер еді және ол өз мемлекетінде өмір сүріп отырған жер иесі үшін заңды да. Орыс халқы ешқашан қазаққа жақсылық жасаған емес, жасамайды да.

Пестковский, Голощекин, Мирзоян сияқты қазақты тегіс қырып тастаудан тайынбайды, Украинадағы сияқты бізге үстемдік емес, адами қарым-қатынас керек. Осылай намысқа тие берсе, қазақ халқының ашуын туғызады деп ойлаймын.

Өткен тарихқа көз жүгіртсек, осыдан 3 ғасыр бұрын патшалық Ресей қаруланған әскерімен келіп, мылтығын кезеніп, зеңбірекпен атқылап бейбіт, жатқан қазақтарды Алматы, Көкшетау, Бурабай т.с.с. жалпы орманды, өзен-көлді, құнарлы жерлерінен қуып шыққан. Қазақтың орнына қара шекпенді крестьяндарды көшіріп әкелген. Осындай зорлық-зомбылықты жазып, кітапқа түсірген азамат І-Думаның депутаты Тимофей Сидельников екен. 

Санкт-Петербургтағы кітапханадан жазушы-ғалым «Жер және қазақ тағдыры» комиссиясының төрағасы Сапабек Әсіпұлы алып оқып, көптеген зорлық-зомбылықтың бетін ашқан. Суы жоқ, шөп шықпайды, жаңбыр жаумайды, шөл дала, қайнаған ыстық. Суы бар жерге кіргізбейді, дүре соғады, балығын аулатпайды, малын суартпайды. Осылай азапқа ұшыраған қазақ халқы шөл және шөлейт жерлерде тұратын 72 аудан бар екен.

 (С. Әсіпұлының кітабынан алынды). 

Қазақтарды айдап жіберіп, орыстар 3 ғасырдан бері рақатын көріп жатыр. Сол орыстардың алдында құрдай жорғалап, табанын жалап, өз тілін менсінбей, орыс тілінде сөйлейтіндер де сатқындар емес пе? 

Мен осы орыс патша кезінен отарланған Медеу өңірінің сұлу табиғаты төңірегіне орналасқан  орыстардың арасында тұрып жатырмын. 30 жылдан астам қазақ елі егемендік алсақ та, орыстар біздің егемендігімізді мойындайтын түрі жоқ.

Достық даңғылымен жүретін автобустар – 5, 12, 95, 99, 128 маршруттардың шопырлары арасында орыстілділер көбейе бастады. Олардан аялдамаларды қазақша сұрасаң, «говорите по-русский» деп жауап береді.Айтылған жағдайлардан мынаны түйіндеуге болады: қайтадан Ресейден қаптаған орыстар қазақтарды қорлап, отарлауға кіріскенін айқындап тұр.

Біз бүкіл қазақ халқы болып «ескі-жаңа» отаршыларға дер кезінде қарсылық білдірмесек, қайтадан орысқа бодан боламыз.

Қазақ газеттер арқылы айтып кеткен оқиғаларды т.б. жариялап, аудан әкімдеріне, учаскелік полицияға шектен шыққан орыс шовинистерге заңды шара қолдану керек. Ал қорқақ, құлдық санадан шықпаған әкім, полицияны жұмыс орнынан босатып, жүрегі бодандықтан арылған қазақ ұлтының азаматтарына жол беру керек.

Зинаханым КҮНЕШҚЫЗЫ, ғалым-жазушы С. Әсіпұлының зайыбы
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 149
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 146
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 659
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 779
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 702

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449