Қазаққа жоңғардан басқа жау жоқ па?

Қазаққа  жоңғардан басқа жау жоқ па?

Қазақтың орыстан көрген қорлығы аз емес. Мұжықтарынан емес, шовинистерінен. Мұны бәрі біледі. Бізде тарихи кино түсірсе,  (тек жер бетінен жойылған) жоңғармен соғысып жатамыз. Ей,  сценарист, әдебиетші, тарихшы мырзалар, ежелден қазақтың жауы көп болғанын білмеулерің қалай? Ұрпаққа адалдық қайда?

 Қоқан,  Бұқара,  Хиуа, орыс, татар, қырғыз т.б. шапқыншылықтар неге көркем әдебиетте көптеп көрініс бермейді?.. Жазбаңдар деп жатқан кім бар?

Орыстың,  қытайдың, немістің архивін қотарғандардың сөзіне сенсек,  орыс патшаларының  (Кеңес үкіметі де солардың заңды жалғасы) қазақты құрту үшін істемеген қитұрқы ісі қалмапты. Оған өз ішімізден шыққан шен-шекпен құмар бай-бағыландарды қосып қой. Өкінішке орай, ондай сатқындар әлі өріп жүр арамызда...

 Бабасының кегін алмақ түгілі, басыбайлы құл болуға жаратылғанын жиі көрсетіп қояды олар... Отарлаушылар жазған тарихта шындық жазылмайды ешқашан.  Біздің білмейтініміз әлі көп, ағайын. Ақтамберді жырау бастаған «зар заман»  ақындары «Орыстан көршің болса,  айбалтаң қасыңда болсын» деп айтып-ақ кетті. Тарихшыларымыз,  әдебиетшілеріміз оны бұрмалап,  «Халықтар достығына» сызат түспеу үшін, болашақ ұрпақты алдап келеді. Рухтың оянып кетуінен қорқады барлығы! Иә,  қазақтың қалай отарланғаны жайлы Мекемтас Мырзахметов атамыз қанын сорғалатып жазды,  жазушы-журналист Бекен Қайрат рухты қайрап жазды. Өзге де қаламгерлер бар.  Бірақ аз тиражбен шыққан тарихи кітаптарды зерделеп оқитындар аз...

Ең қызығы, қазақ фольклоры да орысқа «соқтықпайды». Сенбесеңіз, қазақ ертегілеріне қараңызшы, Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды т.б.  батырлардың орыспен шаруасы жоқ тіпті... 

«Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,  Жайықты келіп алғаны – жағаңа қолды салғаны» тап солардың дәуіріне тән.  Сөйте тұра тарыдай шашылған орыс княздіктерінен  «салық жинап» жүрген бір батырды көрмейсің... Баяғы атың өшкір  қалмақтар... солармен арпалысып ғұмыры өтетін болды бұл  қазақтың... Шындық айтылған кітаптарды (таралымы да өте аз) көптің оқуына күйкі тірлік пен енжарлық та бөгесін. Қу тамақ пен қу құлқынның құлы болған жұрттың еңсесін бүгін-ертең тіктеуі де қиын...  

Дана қазақ «Алты күн аш болғаннан алты ай ақыл сұрама» дегенді  бекер айтпаса керек.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 85
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 605
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 722
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 634
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 644

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8782
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8181
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11410
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9164
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394