Қазақстан экономикасы «цугцванг» нүктесінде тұр

Қазақстан экономикасы  «цугцванг» нүктесінде тұр

Ресей – қазір әлемдегі ең көп санкция салынған ел. «Castellum» базасының дерегіне сүйенсек, Иран мен Солтүстік Кореядан «озып» кетті. Бұл елге қарай соққан желдің салқыны «одақтас» Қазақстанға да тиіп жатыр. АҚШ-тың елшілігі «санкциялардың әсері басқа елдерге, оның ішінде Қазақстанға да, азырақ болады» деп мәлімдеген. Ел үкіметі де осыған ұқсас мәлімдеме жасады. Дегенмен сарапшылардың пікіріне қарағанда, соның өзі оңай соқпайтын түрі бар.  Макроталдаушы Аягөз Ханетова «санкциялар тікелей әсер етеді» деп айтады. Осы орайда оның экономика тұрғысынан жүргізген зерттеуіне үңіліп, төніп тұрған қатерлерге рет-ретімен тоқтала кетсек дейміз.

Қаңтар оқиғасын ішкі фактор деп қарастырсақ, көрші елдерде болып жатқан шиеленіс (Ресей мен Украинадағы әскери конфликт – авт.) – сыртқы фактор. Еліміз жай ғана турбулентті кезеңге тап болған жоқ, дәл қазір, шахмат тілімен айтсақ «цугцванг» деп аталатын нүктеде тұрмыз деп айтуға болады. Яғни кез келген шешім бізге оң нәтиже алып келмеуі мүмкін, үкіметтегілердің алдында тым болмаса теріс әсері аз шешімдерді қабылдау міндеті тұр. Шикізат көзін экспорттауға тәуелді болып отырған бізге мұнайды Еуроодаққа кідіріссіз жеткізу – үлкен міндет. Бұл кезеңде логистикалық шоктан қатер төнуі мүмкін. Өйткені Каспий құбыры консорциумы арқылы Қазақстаннан экспортталып жатқан мұнай Ресейдің Астрахань облысы, Қалмақ Республикасы, Ставрополь және Краснодар өлкелерінен өтеді. Сосын Қара теңіздегі Новороссийск деген ресейлік теңіз порты арқылы танкерлерге тиеледі, содан кейін барып Еуроодақ елдеріне жөнелтіледі. Осы консорциумның ең ірі акционерлері: Ресей Федерациясы («Транснефть» арқылы басқарылады) – 31%,Қазақстан Республикасы («Қазмұнайгаз» – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC  – 1,75%) – 20,75 және тағы басқа жеке компаниялар. БАҚ-та «28 ақпанда, ЕО елдерінің мәліметі бойынша, портқа шектеулер қойылды» деген ақпарат тарады. Анығында шектеу қойылса, мұнайды экспорттауда өте үлкен қиындықтар туындайтыны айқын. Ал санкциялар қалайша тікелей әсер етеді? Оның басты себебі Ресей – Қазақстанның ең ірі сауда серігі. Әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзінің үлесін жылдан жылға арттырып келеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағы  Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 24,2 млрд доллар болды. Оның ішінде экспорт – 6,9 млрд доллар, импорт – 17,3 млрд доллар. Ресейдің біздің экономикамыздағы үлесі орасан зор. Байқап тұрғандарыңыздай, сауда теңгерімі теріс, яғни экспорттан импортты алып тастағанда ортадағы айырмашылық – 10,4 млрд доллар. Демек біз бұған дейін Ресей тауарларымен қоса ондағы инфлицияны да қоса импорттап отырмыз. Рубль құлдырағаннан кейін Ресейден келетін тауарлар әлдеқайда қымбаттайды, осы инфлияциялық шоқ қарапайым халықтың қалтасын жұқартады деген сөз. Көптеген қарыз алушы шағын және орта бизнестің Ресей немесе Украина компанияларымен келісім-шарттары бар, олардың орындалмауы несиелік қабілеттілікке айтарлықтай әсер етеді және нәтижесінде банктің несие портфелінің көрсеткіштерін нашарлатады. Жақында банктерді қайта капиталдандыру қажеттілігі туындауы әбден мүмкін және мұны тағы да мемлекет емес, акционерлер жасаса жақсы болар еді. Негізі теңгенің құнсыздануы экспортерлер үшін өте ыңғайлы. Қазір мұнайдың бір баррелі теңгемен есептегенде 50 000 теңге шамасында, яғни Ұлттық қордың шығынын аздап қысқартуға болады. Өйткені бюджеттегі дефицитті қаржыландыру үшін валюта азырақ қажет болады. Шынын айту керек, біздің валюта қазір сыртқы факторларға көбірек тәуелді. Рубльдің одан әрі әлсіреуі теңгенің әлсіреуін тудырады. Әлемдік нарықтардағы құбылмалылықтың күшеюі теңгеге қиындық туғызып жатыр. Осы орайда Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтерді. Бұл теңгелік активтерді  сақтауға көмектеседі, олар неғұрлым тартымды болу үшін – мөлшерлеме жоғары болады. Дегенмен мұның нәтижесі алдағы уақытта көрінеді. Құрылыс компанияларының өкілдері қазірден бастап шикізат пен материалдан тарығып жатқанын, Ресей тарапынан тасымалдың тоқтап жатқанын, не болмаса өте қымбаттағанын айтып жатыр. Үйлердің бағасы одан сайын қымбаттауы ықтималі

Аякөз Ханетова
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 189
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 698
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 821
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 734

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496