Қазақстан Еурокубоксыз қалды

Қазақстан Еурокубоксыз  қалды

Петропавл қаласының «Қызылжар» командасы «Астана Аренада» кезекті ойынын өткізді. Қонаққа келген АПОЭЛ өз алаңында 1:0 есебімен жеңген еді. Десе де, «Қызылжар» екі ойын бойы кипрлік команда қақпасына гол сала алмады. Қарсыластың деңгейі сәл де болса жоғары екені байқалып қалды. Ал жалпылама алғанда статистикалық мәліметтердің біршамасында қазақстандық команда басым болған. Команда бас бапкері Әли Әлиев те баспасөз мәслихатынан кейін соны тілге тиек етті. «Біздің команданың тәжірибесі жоқ. Бірнеше футболшымыз жарақат алып қалды. Оның ішінде ең маңызды ойыншымыз да бар. Дарко Зоричтің жоқтығы бізге әсер етті. Қарсыласты қыспаққа алып, бір гол саламыз деген ойымыз болды. Бірақ доп қақпа маңдайшасына тиіп қайтты. Амал жоқ, жарыс осы жерде аяқталды», – деді бас бапкер.

Ал Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ойнаған тағы бір командамыз «Тобыл» Қостанай қаласындағы орталық стадионда «Зриньски» Мостар командасымен кездесті. Олар да алғашқы ойында 1 доп айырмасымен жеңіліп қалған еді. Нико Янкович деген футболшы бұрыштамадан тікелей гол салды. Жасы 41-ге келген қақпашы Александр Мокин мұндай голды байқаусызда өткізіп алды. Шамасы, оның спорттық ғұмырында бұрын-соңды мұндай соққы болмаған сыңайлы. Жауапты матчта футболшы Марио Чуже есеп ашты. Ол Сергей Малыйдың қасынан жүгіріп өте шықты. Екінші таймда «Тобыл» таразы басын теңестірді. Зоран Тошичтің берген пасынан кейін Серж Дебле гол салды. Үміт оты қайта тұтанып, «Тобылға» енді бір гол салу қажет еді. Алаңға алмасып енген Игорь Сергеевтің бір емес, бірнеше гол салатын мүмкіндігі болды. Бірақ бас бапкердің алаңға шығарған ойыншысы өзін көрсете алмады. Жалпы алғанда, бас бапкер Милан Миланович «Тобылдың» мынандай жеңілісінен кейін қызметінен кетуі тиіс. Алайда бапкер баспасөз мәслихатында былай деді: «Біздің команда қарсыласқа қарағанда мықты ойнады. Екінші таймда тек қана біз ойнадық. Қарсылас команда тек қорғанумен болды. Бұл «Тобылдың» осы маусымдағы ең мықты ойыны болды. Мен футболшыларға еш кінә таға алмаймын». Сербиялық маман футболшылар алмастыру кезінде бірнеше қателіктер жіберді. Оның үстіне матч барысында Мокин «қызыл қағаз» алды. Алғашқы матчта «қызыл қағаз» алған Жарко Томашевичтің де жоқтығы сезілді. Сонымен, «Тобыл» үшін де жарыс аяқталды. Келесі аптада еурокубок жарыстарының соңғы шешуші айналымы өтеді. Алайда ол кезеңде бірде-бір қазақ командасы жоқ.

Рауан Мутаир
17.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 160
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 156
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 668
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 788
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 701
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 711

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8855
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8251
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11478
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9234
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10461