Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына! Алматының шамдары неге күңгірт?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына!  Алматының шамдары неге күңгірт?

Тәуелсіздігіміздің тал бесігі – Алматы қаласының күн санап қанатын кеңге жайып, көлемі жағынан да, халқының саны жағынан да өсіп келе жатқаны белгілі. Еліміздегі ірі экономикалық  бизнес орталығына айналып үлгерген алып шаһардың архитектурасы мен түнгі шамдарының сапасына қатысты сындарды тізбелеп айтуға болады. Биік үйлердің ретсіз салынып, тоқал тамдар орналасқан көшелермен қарама-қайшылық туғызуы өз алдына бір мәселе. Ол туралы келесі мақаламызда нақты дәлелдермен қаузайтын боламыз.

Ал, бүгінгі әңгіменің, дәлірек айтсақ, мәселенің негізгі тұздығы әсем қаламыздың тамсанарлық келбетіне көлеңке түсіріп тұрған көше шамдарының сын көтермейтін сапасы мен соның себеп-салдары туралы болмақ. «Бақсам, бақа екен» демекші, нақтылап зерттеу жүргізіп көрсек, Алматы қаласының көшелеріне жарық беріп тұрған түрлі жарықдиодты шамдардың біршамасы кәдімгі қара базарда жарты бағасынан да төмен ақшаға еркін сатылатын болып шықты. «Ал, алып шаһарды сапалы жарықпен қамтамасыз ету үшін тендерді ұтып алатын компаниялар өз істеріне адал болып жүр ме?» деген сауал осы саланың мамандарын ғана емес, қарапайым халықты да алаңдататын болды. Мәселен, тендерде көрсетілген техникалық шарттарға сай келмейтін шамдардың жобаларда қаптап кетуіне кедендегі қараусыз бақылау мен әкімдік тарапынан тиісті бақылаудың дұрыс болмауы себеп сияқты. Тендерді ұтып алған компаниялар болашақта барлық жауапкершілікке тартылуы тиісті. Ол үшін арнаулы сертификатты тексеріп, растайтын комитет жұмыс істеуі керек. Мемлекеттің миллиардтаған қыруар қаржысын желге шашушы компаниялар мен соған мүмкіндік беріп отырған шенеуніктерді жауапқа тартатын кез келді!

Өркениетті елдерде осындай арнаулы комитеттер, ұйымдар немесе мекемелер бар. Әлемдік стандарттарға сай сапалы шамдарды орнататын кез келді. Ол үшін тексеру, бақылау жұмыстары жоғарғы жақтағы басқару органдары арқылы жүзеге асырылуы керек. Бірінші кезекте кедендегі тексеру дұрыс жолға қойылғаны жөн. Яғни контрабандалық жолмен жеткізілетін қаланы безендіру мен жарықпен қамтамасыз етуге арналған түрлі құрылғыларды, лампаларды, шамдарды халықаралық стандартқа сай сатып алуды талап ету керек. Заңсыз жолмен жарты бағасына сатып алып, мемлекеттің қыруар қаражатын қалтаға басатын компанияларды жауапкершілікке тарту қажет. 

Біз бұл мәселені шешудің нақты жолдарын ұсынғымыз келеді. Бірнеше жыл бұрын БҰҰ Даму бағдарламасы бойынша  қала жарығына қатысты түрлі шамдар мен құрылғылардың сапасын тескеріп, тиісті сертификатын беретін арнаулы қондырғылар елімізге жеткізілген болатын. Өкінішке орай, бұл қондырғылар күні бүгінге дейін пайдалануға қосылмай, шаң басқан қалпында қоймаларда тұр... Қала жарығын жабдықтау құралдарын, яғни көше шамдарының сертификатын тексеретін арнаулы мекеме Беларус Республикасы мен Ресей Федерациясында бар. Ол елдерде кәсіпкерлердің, зауыттардың ұсынатын шамдары сертификат алған соң ғана қолданысқа жіберіледі екен. Демек, бұл елдерде контрабандаға тосқауыл бар деген сөз.

Бүгінгі таңда еліміздің бірінші қаласы, ірі мегаполис Алматы қаласының көшелеріндегі шамдардың қандай сертификатқа сай екенін орындаушы компаниялардың өздерінен сұраған дұрыс шығар?!  Егер Алматы қаласының көше шамдарының сапасын тексеру жүргізсе, көптеген сын көтермейтін кемшіліктердің беті ашылар еді! Біз бұл жерде біреулердің кемшілігін қазбалап, тырнақ астынан кір іздеуден аулақпыз. Еліміздің болашақта әлемдік стандарттарға сай сапалы қала безендіру және қалалардағы көше шамдарын сертификатталған куәлігі бар компаниялардан сатып алуын мемлекеттік дәрежеде бақылау қажеттігін айтып отырмыз. Яғни мемлекеттік бақылау, тексеру, талап ету шарттары заң жүзінде бекітіліп, дұрыс жолға қойылуы қажет.

Стратегиялық нысандар, жол, су, көше жарығы тендерлерінде лаборатиялық сертификатталған тауарларды сатып алуға кепілдік беретін компаниялар арқылы сатып алынып, жабдықталуы керек. Көше жарығын таңдағанда да халыққа жайлы, адамдардың денсаулығына зиян келтірмейтін жарығы жұмсақ, жылы шамдарды сатып алған дұрыс. Түнгі қала шамдары тек қана әдемі, әсемдігімен емес, адамдардың көз жанарына жайлы болуын ескерген жөн.

Мәселен, Оңтүстік Кореяда жаздың жайдары күнгі жарығындай жарық беретін жарықдиодтар шығарады. Мұндай жарықдиодтар қолданып шығарылған шамдар тамаша жарасымдылық беріп қана қоймай, адамдардың көз жанарына да жағымды болғандықтан, дамыған елдерде жоғары сұранысқа ие болып тұр. Сондай-ақ, мектеп, жоғарғы оқу орындарында да осындай сапасы жоғары шамдарды пайдаланса дұрыс болар еді. Еліміздің болашағы жастардың денсаулығының  жақсы сақталуына білім беретін ғимараттарда сертификатты  шамдарды қолдану арқылы да әжептәуір үлес қосуға болады.

    Әрине, көше шамдарының сапасы, оны шешудің жолдары жайлы шағын мақаламызда жалпылай айтуға тырыстық. Болашақта бұл мәселені жоғары деңгейде шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің  арнаулы тапсырмасы, шешімі шығарылып, қатаң бақылау жұмысы жолға қойылуы шарт. Мемлекеттік стандартқа сай емес, сапасы төмен, контрабандалық тауарлардың рынокқа емін-еркін кіруіне, күнделікті қолданысқа жаппай енуіне қатаң тыйым салынып, заңбұзушылық әрекеттерді дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қолдану керек. Сонда ғана ару қала  Алматының күңгірт келбеті самаладай жарқырап, асқар Алатаумен «қол ұстасып», әлемдік деңгейге көтеріледі. Дүниенің түкпір-түкпірінен, еліміздің түрлі аймақтарынан күн сайын ағылып  келетін сан мыңдаған қонақтарды құшақ жая қарсы алатын әсем қаламыз – Алматының көркем келбетіне көлеңке түспесін. Мегаполиске, қала көшелеріндегі шамдарға байланысты маңызды мәселені айту – бізге, ал сол проблемаларды шешу – сізге парыз, аса мәртебелі Үкімет өкілдері! Ұтымды ұсыныс – бізден, оны жүзеге асыру – сіздерден, ел тізгінін ұстаған жауапты тұлғалар! Ендеше Жаңа Қазақстанның бір парағын бірге бастайық.

 

ЖАҢАБЕК ТОЙБАЗАРОВ, журналист
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 130
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 129
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 645
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 763
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 677
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8824
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8222
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11449
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9204
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10433