Қазақстан заманауи мемлекетке айналуы керек

Қазақстан заманауи мемлекетке айналуы керек

Еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кейінге көз сала отырып, шартты түрде екі экономикалық бетбұрысты бөле айтуға болады. Біріншісі, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Қазақстан күрделі күйзелістер және шығындар арқылы ауыртпалықты, бірақ қажетті реформалар жүргізе отырып көтеріле, бейімделе алды. Бұл өзгерістерді қаржыландыру кеңестік жүйеден мұра болып қалған мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру есебінен жүзеге асырылды».

 «...Сол іргетаста отандық кәсіпкерліктің жаңа санаты өсіп шықты. Екінші бетбұрыс нөлдік жылдардағы шикізаттық суперциклмен байланысты. Экономик атты, бірінші кезекте өңдеу және банк салаларына тартуға мүмкіндік берді. Бұл қаржылар қазақстандық экономиканы қорландырды және оған тұрақтылық берді. Әлеуметтік бағдарланған мемлекет қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Бірақ, біз сыртқы әл-ауқаттың арқасында сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық. Біз трансформацияда ұтқыр бола алмадық. Сапалы түрленулер мұндай түрленулерге қарсы түрлі топтардың мүддесімен бетпе бет келді. Нәтижесінде біз әртараптандырылған экономика құра алмадық. Шынын айту керек, жергілікті жерлерде өте маңызды заңбұзушылықтар болуы мүмкін және бізге стандарттар қажет. Ең бастысы – бұл мәселені шешуге құқықтық тұрғыдан қарау. Біз неге бұл мәселені шеше алмаймыз? Айыппұлдар, кабинеттердегі жеке талқылаулар «келісеміз ғоймен» аяқталады. Бізде қоғам өте үйлесімді, талқылау қарапайым, әркім бір-бірімен әртүрлі шарттар бойынша келіссөздер жүргізе алады. Бұл рулық байланыстар, достық байланыстар және басқалар. Мұны қою керек. Біз заманауи мемлекетке айналуымыз керек. Ал заманауи мемлекет дегеніміз не? Бұл – заң. Заманауи мемлекетте заң бірінші орында тұрады. Сондықтан заңнан аттағандарды қатаң жазалау керек, басқа жол жоқ.

Тәуелсіздік алғалы бері бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалды. Мемлекет кәсіпкерлік ортаны дамытуға күш салды. Салықтық жеңілдіктер мен қаржылай көмек те көрсетілді. Осылайша экономикалық модель бойынша бизнес дамыса, жұмыс орындары ашылады, адамдардың табысы артады деген сенім болған. Бірақ шынайы өмірде ол күткеніміз болмады.

Сондай-ақ, бізде ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі байқалады әрі әділдік жағынан мәселе бар. Біздің елімізде белгілі бір элиталық топтар ғана экономикалық өсімнің пайдасын көріп отыр. Ал халықтың басым бөлігінің табысы төмендеп келеді немесе еш өзгеріссіз қалды. Бұл мемлекетіміздің қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер. Бұның бәрі қоғамның экономикалық-әлеуметтік, артынан саяси жағынан қақ бөлінуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Осындай дағдарыстың алғашқы белгілері көріне бастады. Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының тең жартысына бар-жоғы 162 адам иелік етеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды немесе жылына 1300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес. Тез арада жағдайды өзгерту керек және көп нәрсе сіздерге байланысты, құрметті кәсіпкерлер. Мысалы, 2019 жылдан 2021 жылға дейін 12 трлн теңге, яғни 30 млрд долларға жуық қаржы жұмсалған. Осы жағдай аса маңызды шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Бізге жаңа салық саясаты қажет. Ол астыртын қитұрқы әрекеттерге жол бермейтін, бизнеске де, Үкіметке де ашық, түсінікті саясат болуы керек», – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

 

Ермек Сахариев
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796