Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды

Қазақстан  «Жыл мемлекеті» атанды

АҚДМ баспасөз қызметі: «Алматыда Red Jolbors XI Орталық Азия коммуникациялар фестивалі өтті. Онда Қазақстан «Жыл мемлекеті» деп танылды», – деп хабарлайды. Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжаннан 450-ден астам адам қатысты. Red Jolbors аясында білім беру бағдарламасы ұйымдастырылып, үздік коммуникациялық және жарнама шешімдері байқауы өтті. Байқауға Орталық Азия мен Әзербайжаннан 360-тан астам жұмыс ұсынылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды. Бұл атақ халықаралық қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған елге беріледі. Әзербайжанның Endorphin компаниясы «Жылдың ең үздік агенттігі» деп танылды. Қазақстан атынан қатысқандарға 50, Өзбекстанға 24, Әзербайжанға 13 марапат табысталды.

Red Jolbors негізін қалаушы Сабина Рейнгольд: «Red Jolborsта біз әрқашан саланың ең қызықты және өзекті мәселелерін көтереміз. Жарнамалық агенттіктердің өкілдері және аймағымыздың маркетологтеріне тәжірибемізді айту үшін үздік сарапшыларды жинауға тырысамыз. Биылғы жылы конкурстың спикерлері мен қазылар алқасы жарнама және маркетинг саласындағы ең беделді марапаттардың иегерлері болды. Бүкіл құрамға 100- ге жуық Канн фестивалінің жүлдегерлері, сондай-ақ, маркетинг саласындағы әлемдегі ең маңызды марапаттардың бірі – «Эффиліктер» кірді. Дәрістердің, панельдік пікірталастардың спикерлері ірі жарнама агенттіктерінің, Еуропа, Оңтүстік Корея, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей компанияларының өкілдері болды. Олар өздерінің практикалық тәжірибелерін әңгімелеп берді және шығармашылық идеяларды әзірлеу, маркетинг құралдарының тиімділігі, брендтердің өсу мүмкіндіктері, серіктестік құру, цифрлық дизайннан кейінгі дизайн, маркетингтегі метаверстер, TikTok-қа миллиондаған аудиторияны тарту туралы айтты. Сондай-ақ Red Jolbors-тың 2022 жылғы негізгі тақырыптарының бірі өмір сүріп жатқан ортаны жақсы жаққа өзгертетін ESG жобаларын құру және дамыту болды. Сонымен қатар іс-шарада 3 түрлі панельдік пікірталас ұйымдастырылды. Олардың бірі Орталық Азия елдерінде креативті экономиканы дамытуға арналды», – десе, осы шараға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов: «Қазір Қазақстан мен оның мемлекеттік органдары бизнес және қоғаммен өзара іс-қимылға ашық. Маңызды қоғамдық мәселелерді шешу үшін біз шығармашылық салалардың, креативті индустрия өкілдерін тарта отырып, ортақ күш салуымыз керек. Осындай өзара бірлестікте ғана біздің одан әрі жалпы дамуымыз үшін үлкен мүмкіндіктер бар», – деп атап өтті. 

Ермек Сахариев
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626