Қазақстандағы 13 перинаталдық орталық балалардың ерте мүгедектігін анықтайтын жабдықтармен қамтамасыз етіледі

Қазақстандағы 13 перинаталдық орталық балалардың ерте мүгедектігін анықтайтын жабдықтармен қамтамасыз етіледі

13 ерте араласу орталығында балалардың ерте мүгедектігін анықтап, алдын алатын болады. Мұндай алғашқы орталық Шымкент қаласында ашылды. 

Жыл сайын дамуында кемістігі бар және олардың туындау қаупі бар 600 жас бала орталықта абилитациялық және оңалту көмегін алады, сондай-ақ диагностикалық аудиологиялық тексеруден және соңғы жабдықта мидың ЭЭГ-нен өте алады. Балалармен реабилитолог-дәрігерлерден, неврологтардан, ЕДШ нұсқаушыларынан, кәсіптік терапевттерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың көпсалалы тобы жұмыс істейді. Мамандардың негізгі құрамы арнайыоқытудан өтті.

«Ерте араласу орталығы шала туылу, церебральды сал ауруы, Даун синдромы, туа біткен ақаулар, босану жарақаттары, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, прогрессивті бұлшықет дистрофиясы және т.б. диагноздары бар балаларды қабылдайды. Орталық жұмысының негізгі мақсаты – балалар мүгедектігіне жол бермеу. Сондықтан бала өмірінің алғашқы айларынан бастап оған білікті кешенді көмек көрсету өте маңызды», - деді «№2 Оңалту орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Айгүл Сапарғалиева.

Ерте араласу орталығы «Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры» және «Samruk-Kazyna Trust»қорларымен бірлесіп іске асыратын «Ерте араласу орталықтарын жарақтандыру» қайырымдылық жобасы шеңберінде құрылды. Жобаның бюджеті – 1,6 млрд теңге. Шымкенттегі ерте араласу орталығы Қазақстанда жоспарланған 13 орталықтың алғашқысы. 

«Қазақстанда дамуында бұзылыстар пайда болуқаупі жоғары балаларға ерте диагностика және ерте абилитациялық көмек көрсету қажеттілігінің мәселесі өзекті. Өмірдің алғашқы айлары мен жасынан бастап дұрыс жүргізілген диагностика мен түзету өзгерістерді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа бұзылыстардың пайда болуына жол бермейді, әрібаланың өмір сүру сапасына жақсаруына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүкіл ел бойынша ашылатын 13 орталықта біз ең заманауи жабдықтармен жабдықтап, жергілікті мамандарды оқытамыз. Басқа өңірлердегіауруханалар үшін осы орталықтар үлгі болуы тиіс»– деді Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Жобасының бастамашысы – «Қамқорлық қоры»мамандарды оқытуды ұйымдастырды. «Қазақстан халқына» қоры және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы –«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры медициналық жабдықтарды сатып алуды қаржыландырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобаны іске асыру мәселелерінде өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.


Әкімдіктер инфрақұрылымды іріктеу, жөндеуді қаржыландыру, орталықтарда жұмыс істеу үшін кадрларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Жалпы Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Шымкент және Алматы қалаларының өңірлік ауруханалары мен перинаталдық орталықтарында 13 ерте араласу орталықтарын құру жоспарлануда.

03.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 156
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 153
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 665
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 785
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 698
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 708

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8849
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8244
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11472
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9229
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10456