ҚАЖД МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАЖД МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында сотталған діндарларды оңалту мақсатында 10 маманмен келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт бойынша атқарылатын жұмыстар: шақырылған мамандармен аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 28 рет кездесу ұйымдастырылады. Әр маман кездесулер бойынша сотталған діндар азаматтардың портреттерін, қандай діни ағымды ұстанғанын, кімнің уағызын тындайтынын, қандай кітап оқитынын анықтауда. Сонымен қатар, жоба аясында 2024 жылдың 10 қазан күні республикалық маңызы бар қаладан арнайы ұстаз Имаммәди Түсіпхан шақырылды. Имаммәди Түсіпхан №58, 25 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта бұған дейін дінтанушы маман Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы және Акимханов Асқар Болатбекұлы, белгілі ұстаз Ризабек Батталұлы шақырылған болатын. Аталған мамандармен №25, 26, 58, 59, 158/4 түзеу мекемелерінде кездесулер өткізілді.

16.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 579
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 50
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 5 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 29

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14721
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13504
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16798
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15669
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20744