ҚАЗҰУ- ДЕ ӨТКЕН ИГІ ШАРАЛАРДЫҢ БЕРЕРІ КӨП...

ҚАЗҰУ- ДЕ ӨТКЕН ИГІ ШАРАЛАРДЫҢ БЕРЕРІ КӨП...

ГҮЛБАНУ ХАНЫМ ҰСЫНҒАН БИЗНЕСТЕГІ АЛТЫ ҰСТАНЫМ! Ағымдағы жылдың алтыншы наурызы күні Экономика кафедрасының ұйымдастыруымен  әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінде танымал кәсіпкер ҚР қоғамдық тамақтандыру ассоциациясының төрайымы, «LANZHOU» ресторандар желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майгаринамен оқытушы профессорлар және студенттер арасында кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты – Гулбану Майгаринаның «бизнес әлемі»  тақырыбындағы дәрісінен студент жастардың нақты бизнес туралы қажет, құнды ақпараттарды біліп,  болашақта өздерінің кәсібін ашуға мотивация беру еді. Сөйтіп болашақ бизнесмендердің ынта-ықыласын аударуда басты назарда болғанын айта кету міндет. 

 Кездесу барысында бизнесті бастау үшін жастарға алты негізгі бағыт бағдар ұсынды Гүлбану ханым: бірінші өзіңе сену, екінші міндеттемеге адалдық, үшінші нақты жоспар құру, төртінші лайықты  команда жинақтау, бесінші  білімді дағдымен ұштастыру, алтыншы уақытты тиімді басқару. Егер жас талапкерлер осы алты қағидағы берік болса, алынбас асу, жеткізбес шың болмайтыны айдан анық. Ол үшін жастарға жігер мен талап керек-ақ! 

ҚУАТ МЫРЗАНЫҢ ҚҰНДЫ КЕҢЕСІ – ЖАСТАРҒА САБАҚ БОЛСА ИГІ! Сәуір айының 11-інші жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғарғы мектебі, Экономика кафедрасының, эдвайзер П.К. Салибекованың ұйымдастыруымен 61 елде болған, соның ішінде 9 елді велосипедпен аралап шыққан белгілі travel-блогер Қуат Болатов көшбасшылық дәріс жүргізді. Қуат мырза көшбасшылық дәрісін өткізу барысында саяхаттаудағы тәжірибелері мен қызықты  естеліктерін әңгімеледі. Сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру, саяхат пен жұмысты бірге алып жүру, жеке брендті қалыптастыру бойынша құнды ақпараттарымен бөлісті. Дәріс соңында жастарға үш негізгі бағыт ұсынды: Ол біріншіден айфонды кредитке алмау, екіншіден ағылшын тілін жетік меңгеру, үшіншіден белсенді болу. Осы үш бағытты ұстанған жеткіншек келешекте қаржы үнемдеуде, жаңа бизнес бастауда алдыңғы орында көрінбек. «Бұл бизнестің заңы» - деді Қуат мырза!

БОКСШЫ АХМЕДОВТЫҢ СТУДЕНТТЕРГЕ БЕРГЕН ҮШ КЕҢЕСІ 2023 жылдың 17 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғарғы мектебі, Экономика кафедрасының аға оқытушысы Нұрғазы Шыңғыс ұйымдастыруымен Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) және Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) чемпионы Садриддин Ахмедовпен кездесу өткізді. Бұл кездесудің жастар үшін тағылымы да өзгеше болды.  Боксшы Ахмедов өзінің балалық шағы мен боксқа қалай келгенін, жеңілістері мен жеңістері сәтіндегі бастан кешкен қызық оқиғаларымен бөлісті.  Ол чемпион болу үшін кейде  құрбандыққа бару керектігін де жасырмады. Боксшы үнемі бабында жүру үшін ерік-жігірдің керектігіне де баса назар аударды. Сондай-ақ ол өмір жолында кездескен қиындықтар мен қуаныштарын да жасырмады. Үлкен спорт жолына шығудың қиындығы мен қызығына да ат шалдырды

 Қиындықтарға қарамастан, Ахмедовтың адалдығы мен қажырлы еңбегі өз жемісін беріп, WBC және WBA тұжырымдары бойынша чемпион атанғаны бір тарих.  Жетістікке жетуде тәртіптің, табандылықтың, ақыл-ойдың беріктігінің маңыздылығы боксшы аузымен баса айтылды.  Ахмедов студенттерге армандарынан ешқашан бас тартпауға, күресті тоқтапауға сонда ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатынын  нақтылап берді.

 Студенттер кездесу барысында Ахмедовке жаттығулары қалай өтіп жатқаны туралы, болашақ боксшыларға қандай  кеңестер беретіні туралы сұрақтар қойып, өте белсенділік танытты.  Кездесу соңында олар Ахмедовпен суретке түсіп, оның қолтаңбасын алды.

 Жалпы, Садриддин Ахмедовпен кездесу студенттер үшін шабыттандыратын және ынталандыратын тәжірибе болды. Жастарға үш негізгі бағыт-бағдар ұсынды боксшы:  ең бірінші имандылық, екінші жақсы тәрбие, үшінші терең білімді болу. «Осы үш бағытты ұстанған жас кез келген қиндықты жеңіп шығары сөзсіз» деді боксшы.

 

Экономика кафедрасының меңгерушісінің орынбасары

аға оқытушы Иляшова Г. К.

Экономика кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушы Тураров Д.Р.

Экономика кафедрасының аға оқытушылары

Салибекова П. Қ., Нұрғазы Ш.Ә.

20.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1064
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7106
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10958
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7173
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7317