Қазына қаржысы мақсатты игерілуде

Қазына қаржысы мақсатты игерілуде

Бүгінде елді мекендердің еңсесін тіктеп, тамырына қан жүгірту мақсатында түрлі қадамдар жасалуда. Атқарылған шаруа көп, шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Осы орайда ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсалған қаражат көлемі мен тындырылған тірліктер жайына кеңірек тоқталып өтсек.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту бағытында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2019 жылдан бастап елімізде «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылуда. Жоба ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.

Бүгінде өңіріміздің 371 елді мекенде 1 215,5 мың халық тұрады. Оның 367-сі ауылдық елді мекен, онда облыс халқының 56,8 пайызы немесе 690 мың адамы тұрады. Соңғы 10 жылда жалпы облыс халқының саны 145,7 мың адамға, яғни, 13,6 пайызға өссе, ауыл халқы 7,5 пайызға, яғни, 45,8 мың адамға, қала тұрғындары 97,5 мыңға өсіп, бірқатар салаларда инфрақұрылымға қажеттілік те өсуде.

Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес, облыста даму әлеуеті жоғары болып 238 ауылдық елді мекен іріктелді, онда ауыл халқының 89,6 пайызы – 618,2 мың адам тұруда.

Даму әлеуеті жоғары елді мекендердің 67-сі тіректі, 167/4-і спутниктік/стратегиялық. Ал қалған 129 елді мекеннің даму әлеуеті орташа/төмен болып табылады.

Осыған орай, облыс бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2019- 2021 жылдары 93 ауылда жалпы құны 18,6 миллиард теңгеге 332 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 30 білім нысаны, 23 спорт, 23 мәдениет, 10 денсаулық сақтау, 37 тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық нысаны жөнделіп, құрылысы жүргізілсе, 332,4 шақырымды құрайтын 209 ауылішілік көшелері жөнделіп, 3 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

Биыл да бұл бастама жалғасын тауып, жоба аясында 82 елді мекенде 149 жобаны іске асыруға 14,2 миллиард теңге бөлінді. Осы жылдың 1 желтоқсанына 12,3 миллиард теңге игеріліп, жылдық жоспар 90,4 пайызға орындалды.

Жалпы бөлінген қаржыға 1 мектепке жапсарлас ғимараттың, 16 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, 10 мәдениет үйінің, 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысын және әлеуметтік нысандар мен 172,7 шақырымға жуық ауылішілік көшелерінің жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.

Бүгінге жоба аясында іске асырылып жатқан 149 жобаның 98-інде жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 33 жобаны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ал 17 жобаның құрылысы келесі жылы аяқталатын болады. Құрылыс есебінен бірқатар жаңа нысандар бой көтеріп, жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл тұрғындары игілігін көруде.

Айта кететін болсақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру бағытында ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділігін арттыру үшін Талас ауданында 45, Жамбыл, Жуалы аудандарында 25, Меркі және Мойынқұм аудандарында 10, Т.Рысқұлов ауданында 15 және 25 келушіге, Сарысу ауданында 5 келушіге арналған, жалпы 9 денсаулық сақтау нысаны салынды.

Халықты бұқаралық спортпен қамту үлесін арттыру және спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында Талас ауданы, Ақкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, әртүрлі секциялар жұмыс атқарып, ауыл жасөспірімдерінің бос уақытын тиімді пайдалануда.

Мәдениет инфрақұрылымын жаңарту үшін Шу ауданы, Д.Қонаев ауылында 180 көрерменге арналған мәдениет үйінің құрылыстары аяқталды, онда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Білім саласында, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылындағы Үлгілі мектебіне қосымша сыныптар мен асхана ғимараттары жапсарлас салынып, оқушы орны тапшылығы мәселесін шешкен болса, кешегі күнге дейін көмірмен жылытылған 8 білім нысанының жылу қазандықтары газға алмастырылды.

Бұған қоса, тозығы жеткен 11 мектеп, 8 денсаулық сақтау нысаны, 6 мәдениет ошағының ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, жаңа заманауи келбетке ие болды.

Әсіресе бір кездері шаңы шығып жатқан ұзындығы 144,3 шақырымды құрайтын 61 ауылішілік көше орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселіп, ел игілігіне берілді. Әлеуметтік нысандарға барар жол жаңарып, ауыл халқы үшін өте қолайлы жағдай болды.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде 816 жұмыс орнын құру көзделген болса, бүгінге жоспар асыра орындалып, 985 жұмыс орны құрылды. Ауыл тұрғындары жаңа жұмыспен қамтылып, табысын арттыру мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарлама аясында соңғы жылдары бірқатар маңызды жұмыстар қарқын алған болса, алдағы жылдары басқа да ауылдарда жақсы жаңалықтар легі жалғасын табады деп сенеміз.

 

Гүлдана ЖАУЫНБЕКОВА, облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
21.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586