ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ЖӘНЕ ТОЙХАНАЛАРДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ШУДЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ КЕРЕК

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ  ЖӘНЕ ТОЙХАНАЛАРДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ШУДЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА  ӘСЕРІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ КЕРЕК

Қазіргі таңда көптеген мейрамхана, дәмхана және тойханаларда музыканың дыбыс деңгейі шамадан тыс жоғары болуы жиі кездеседі. Бұл жағдай келушілер мен қызметкерлердің есту қабілетіне, жүйке жүйесіне, жалпы денсаулығына кері әсерін тигізеді (Азаматтар  тойсыз отырмайды).

Осыған байланысты  «Дыбыс қауіпсіздігін бақылау және акустикалық тексеріс орталығын» құру бастамасын ұсынамын.

(Мүмкін бар шығар, онда неге халықты «жүгенсіз шудан» қорғамай жүр?.. Жастарға біліне қоймас, бірақ олардың да денсаулығын жылдар бойы  мінтіп  жеп,  кеміре  беретін болар)

Ұсыныстың негізгі бағыттары:

1. Қоғамдық орындардағы музыкалық дыбыс деңгейіне шекті нормалар (децибел бойынша) белгілеу;

2. Мейрамхана, клуб, тойхана, концерт залдары сияқты орындарда дыбыс деңгейін акустикалық құрылғылар арқылы тұрақты бақылау;

3. Тойханалар мен қоғамдық нысандарға арналған акустикалық оқшаулау талаптарын енгізу (шу сіңіргіш қабырғалар, төбе, терезе, т.б.);

4. Арнайы тексеру және рұқсат беру жүйесін енгізу керек.

5. Халықтың есту және жүйке жүйесі саулығын қорғауға бағытталған ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізілгені дұрыс.

Қоғамдық орындарда акустикалық мәдениеттің қалыптасуын қадағалайтын, талап ететін орталықтар қажет. Апта сайын бір тойға барғанның өзінде, айына неше сағат жойқын дыбыстық шабуылдың  боданы боламыз, ойланып көрейік.

Сабыр АДАЙ,

Ақтау қаласы

06.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 779

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19692
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19508
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34634
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33207
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37024