ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ
2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 53 қаулысымен, «Субсидияланатын жұмыс орындарының, және жұмысқа орналастыратын адамдарға қойылатын талаптар мен олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.06.2023 жылғы № 476 Қаулысына сәйкес өзгертулер енгізілді.
Мансап орталықтары ұйымдастыратын, қоғамдық жұмыстарға жолданатын жұмыскерлерді алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, және оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік бағыттағы түрлі пайдалы еңбек қызметтері ұсынылады. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарды Мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.
Аталған қоғамдық жұмыстарға 16 жастан бастап, зейнет жасқа дейінгі азаматтар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, оқудан тыс уақыттағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ, өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатыса алады.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап қоғамдық жұмыс орындарының бір айдағы мөлшері (экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескергенде) кемінде 24 айлық есептік көрсеткішті (әрі қарай-АЕК) құрап, 2024 жылы қоғамдық жұмыстарға жолданатын адамдарға 1 айда 88 608 теңге төленуде (24 АЕК 1 АЕК 3 692 =88 608 теңге).
Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін үміткерлерге мынадай құжаттар қажет:
1) жеке басты куәландыратын құжатты
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса);
3) бар болса білімі туралы құжатты (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқудан өткенін растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) қоса бере отырып, осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мансап орталығына өтініш береді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса, ата-аналарының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімді, оқу орнынан оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуына жазбаша келісімді ұсынады.
Жолдама алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына жүгіну қажет. Айта кетейік, облыс көлемінде 2024 жылы қоғамдық жұмыстарға 12 069,5 мың теңге бөлініп, 13 950 адамды аталған жұмыстарға жолдау жоспарланған. Ал биылғы жылдың 1 мамырындағы жағдайға сәйкес 11 101 адам жолданып 1 639,4 мың теңгесі игерілген, бұл пайыздық есеппен 13,5%-ды құрайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
28.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 36
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 28
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 36
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 85
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 285
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 280
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 901

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8978
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8372
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11598
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9356
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10582