АҚШ-та ірі сауда дүкенінен нан ұрлап, қашып кетпек болған 14 жасар баланы тұтқындап, жауапкершілікке тартады.
Шешім қабылдамас бұрын судья баланың сөздерін тыңдағысы келеді.
Судья: Неге ұрладың?
Бала: Керек болды.
Судья: Ұрламай-ақ, сатып алуға болмас па еді?
Бала: Сатып алуға ақшам болмады.
Судья: Ата-анаңнан алмадың ба?
Бала: Үйде тек анам ғана бар, ол науқас, әрі жұмыссыз. Сондықтан нанмен қоса ірімшік те ұрладым...
Судья: Сен жассың ғой, қалай жұмыс істейсің?
Бала: Мен көлік жуатын орында жұмыс істегенмін. Науқас анамды қамқорлығыма алуыма рұқсат берілгеннен кейін, оларға керегім болмай қалды...
Судья: Өзгелерден көмек сұрап көрдің бе?
Бала: Әр күні кемі елу мекен-жайға кіріп, кез келген ең аз еңбекақыға жұмыс сұраймын. Нәтиже аз... Ақыры ұрлық жасауға бел будым...
Баламен сұхбаттасып болған соң, сот мынадай шешім шығарды:
«Ұрлық, әсіресе нан ұрлығы – өте ұятты қылмыс... Себебі бұл іске барлығымыз кінәліміз. Залда отырған сіздер және мен де... Осы сотқа қатысушылардың барлығы 10 доллардан төлеуге жаза кесемін, сол орындалғанша бұл залдан ешкім шықпайды.
Аш баланы полицияға тапсырған сауда үйінің иесі де 1000 доллар айыппұл төлесін».
Үкімді естіген бала көз жасын тия алмады, сот екінші үкімді оқығанда бала тіпті, толқып кетті.
Жанарындағы жасты жасыруға тырысқан сот та соңғы үкімін оқыды: Егер адамды нан ұрлығы үстінде ұстап алсаңыз, онда сол қоғам, мемлекет ұяттан өртену керек...
Р/S: Ұяттан өртену керек!
Қандай ғажап сөз! Негізі дәл осыған ұқсас оқиға бір ғибратты әңгімеде баяндалған. Ал мына оқиға өмірде болған сияқты. Мейлі болсын, болмасын оқиға жан дүниеңді бір қопарып тастайды. Көзіңе жас үйіріледі. Біздің қоғамда да, мемлекетімізде де осыған ұқсас жанды оқиғалар көп. Кедей отбасылар бізде жетіп артылады. Көп қабатты үйден құлап мерт болған отбасының қазасы естеріңізде ме? Анасы үш баласымен бірге секіріп, осындай шешім қабылдаған. Неге? Не себепті? Жоқшылықтан. Бір үзім нанға зар болғандықтан. Баспанасыз жоқшылықта өмір сүріп жатқан қаншама отбасы бар десеңші! Кім кінәлі? Ұяттан өртенбейтін, естімейтін билік кінәлі! Ұялу түгілі, халықтың қаржысын ұрлап, дандайсып жүргендерді сіздер жақсы білесіздер. Әділетсіз, жемқор соттар көп. Иә, ұяттан өртенетін адамдар керек біздің қоғамға. Қайдасыңдар?..