Қойшыбай Есентаев, журналист: Өтірік, мақтаншақтық, бос даурығу, жалған ақпар тоқтатылсын!

Қойшыбай Есентаев,   журналист:  Өтірік,   мақтаншақтық, бос даурығу, жалған ақпар тоқтатылсын!

Кешегі күннің рақымын сезіндік. Өткенге өкпе жоқ. Қазақ халқы өз таңдауын жасады. Болашақ үшін күрес басталды. Тағына отырған Президенттің қадамы қалай болады, нендей өзгерістер жасайды?! Міне, көптің ойындағы жұмбақ осы.

Алашпыз арман сұрар

Сенен де, Арай!

Жүзеді, қайран жұртым, кемең қалай?

...Айраның айран емес, іркіт болар,

Байрағың салбыраса төмен қарай... –деп ақын Ғалым Жайлыбай жырлағандай, тұма қазақ ертеңіне үңіліп, бірлігін ойлап бүрісіп отыр. Тыныш заман болып, қолымыз аузымызға еркін жетсе, халықтың жұмысы мен тұрмысы түзелсе, көңілге медеу. Тумасынан аталар ақылына, ұйыстырар ісіне үйренген қазақ атасына, ағасына, бастығына, президентіне қарайды. Жаңа сайланған Президентке үміт артып, құлдырап қалған экономикамызды қалпына келтіріп, әлемдік өркениетке жетуін аңсаймыз.

Президенттен қандай реформа күтеміз?  Президент Тоқаев жасап жатқан реформа аз емес. Бірақ тиімділігі көрінбейді. Халық Президенттен батыл қадам, ұтымды да ұтқыр шешім қабылдағанды қалайды. Басқару жүйесіне тың өзгеріс қажет. Кабинеттік, пайдасы жоқ жүйеден арылу маңызды. Жасалған жоспарлар күнделікті өмірмен сәйкес келмейді. Күрделі бағдарламалардың тиімсіздігін көрудеміз. Олардың орындалғаны некен-саяқ.

Халық пен билік арасында тығыз байланыс жоқ. Көп шенеунік халықпен тіке сөйлесе алмайды. Жұмысты білмейді. Білмеген соң, Президенттің реформасы жүрмейді. Президент барлық ауылдар мен аудандарда әлем елдеріндегідей технологиялық өндіріс орындары мен ауылшаруашылығының заманауи жетістіктерін орналастырып ұйымдастыруға ұйытқы болуы шарт. Сонда біздің елдің экономикасы өркендеуге аяқ басады.Кемшілікті білген түзейді. Мемлекеттің қаражаты далаға бостан-босқа кетіп жатыр. Аймақтарға егін, мал шаруашылығына бөлінген қыруар субсидиялардың пайдасынан зияны мол. Пайдасы жоқ.

Жаңа экономикалық бағдарлама керек. Оны кабинетте отырған, өндірістің не екенін білмейтіндер емес, өндірістің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген, істің, кәсіптің қыр-сырын білетін жергілікті жердегі мамандар жасаса, жетістікке жетуге әбден болады. Өтірік мақтаншақтық, бос даурығу, жалған ақпар тарату тыйылса игі.

Алдағы жеті жыл, жеті бағытта басты даму бағдарламасын қабылдап, жеті жылда халық тұрмысын жеті сатыға көтереді деп сенейік. Президенттің саяси, экономикалық, әлеуметтік, ішкі-сыртқы жағдайды ұтымды қалыптастырып, қазақ халқын бұрын-соңды болмаған жетістіктер бастауына көтереді деп ойлаймын.

 

Нағашыбай Қабылбек, Тілекгүл Есдәулет
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 378
ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 343
БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ 1990 АДАМ ТҰР
Жарқынбек ШОҒАЛОВ, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы - 26.01.2023 360

Топ жаңалықтар

1
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 300
2
ТҮРКІСТАНДА «ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 300
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 300
4
Елнұр Бейсенбаев: "Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады"
Show more
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі - 2023-01-28 297
5
Парабиатлон: Ербол Хамитов – қола жүлдегер
Show more
Ермек Сахариев - 2023-01-26 140