Қонаевтанушының кездесулері

Қонаевтанушының кездесулері

Белгілі қонаевтанушы, кезінде ҚР Мемсыйлығына ұсынылған «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы Ораз Қауғабай биыл Димекеңнің 110 жылдық мерейтойы аясында жер-жерде кездесулер өткізіп келеді. Алматы облысының Іле, Қарасай және Жамбыл облысының Шу аудандарындағы жүздесулері жақсы жалғасты. Әсіресе, Қонаев қаласындағы көрме мен кездесу әсерлі болды. Өйткені Қапшағай қаласына Қонаевтың атын беру жөнінде 2005 жылы қаламгер бастама көтерген болатын. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қонаев қаласында қонаевтанушыға «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты жиында сөз сөйлеп, атақ куәлігін тапсырды. Қонаевтанушы, Түркістан Халықаралық шығармашылық конкурсының жүлдегері енді Түркістан облысында өтетін Димекең мерейтойына қатысып, кездесулері одан әрі жалғаспақ.

Ермек Сахариев
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 82
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 128
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 78
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 79

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24058
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23727
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41208
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37133
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41391