Қордай архиві жаңа ғимаратқа көшті!

Қордай архиві жаңа ғимаратқа көшті!

 

Қордай ауылында «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің жаңа ғимараты ашылды. Аудандық архив қызметкерлері көптен күткен қуанышқа кенелді. Аудандық архивтің ашылу салтанатын аудан әкімі Бегзат Болатбеков бастап, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Ерлан Жүнісбай, аудандық «Аманат» партиясының төрағасы Бейқұт Жамангозов, Жамбыл облысы, Қордай ауданының зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласының архив қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебаев оқып берді. Іс-шараның  құрметті қонақтары осы саланың ардагерлері мекеменің лентасын қиып, әжелер шашу шашты. 

Алғысөз аудан әкіміне беріліп, Бегзат Сейсенқұлұлы: «Баршаңызды 22 желтоқсан – «Архившілер күні» кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ауданымызда көптен күткен жаңа архив ғимаратын қолданысқа бергелі отырмыз. Бұл ғимарат облысымыздағы, қала берді республика деңгейіндегі ең үлгілі архивтердің бірі болмақ. Баға жетпес құнды қазына болып табылатын тарихи-мәдени мұраларымызды сақтаудағы еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын! Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!» - деді. 

Кейіннен қонақтар салтанатты түрде ашылған ғимарат ішіне кірді. Аталған құрылыстың жалпы жоба құны 337661,80 млн. теңгені құрады. Аудандық архив ғимаратының құрылыс жұмыстарын «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-і жүргізген болатын. 

Архив– тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын арнаулы мекеме. Халықтың тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын архивтер, мемлекеттілік нысандарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің директорі Қатира Уәлиева бастаған барлығы 13 қызметкер жұмыс жасайды. Заман талабына сай салынған ғимараттың іші де заманауи техникалармен қамтамасыз етілген. Архив ғимараты 2 қабаттан тұрады. Жалпы ауданы 821,5 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта құжаттарды қабылдау бөлмесі, арнайы қоймалар және де мәжіліс залы бар. Бір сөзбен айтқанда мамандардың жұмыс істеуіне бар жағдай жасалған.

26.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652