ҚР Премьер-Министрі Ә. А. Смайыловқа

ҚР Премьер-Министрі    Ә. А. Смайыловқа

 

 

Қазақстан қай заманда да қысым көріп, өз елінен қашып, босқын болуға мәжбүр болған талай халықты өз басындағы қиыншылықтарға қарамастан, құшақ жая қарсы алып, аман алып қалғанына тарих куә. 

 

Қазақстан Республикасы өркениетті ел ретінде, Ресей шекарасынан елімізге бас сауғалап, соғыстан қашқан Ресей азаматтарына, міне, тағы да пана болды.

 

Бұл гуманитарлық дағдарыс кезінде Қазақ еліне, Ішкі істер министрлігінің кешегі ақпараты бойынша, 200 мың адам Ресейден келген, 140 мың адам елімізден шыққан. Ал, 30-қыркүйекте «Форбс» журналында жарияланған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, жалпы бүгінде елімізде 350 мың ресей азаматы тұрақты тұрып жатыр. Өткен аптадағы көшіп келушілердің басым көпшілігі Астана мен Алматыға, шекаралас облыс орталықтарына орналасуда. Онсыз да ішкі миграцияның салдарынан тұрғындарының саны күрт өскен үлкен қалаларымызға инфраструктуралық және әлеуметтік-экономикалық қысым артуда.

 

Негізінен, әскер жасындағы Ресейлік азаматтардың біздің елімізге жаппай қоныс аударуы, бүгінгі посткеңестік ушыққан геосаяси жағдайда халқымызды қатты алаңдатып отыр.

 

Еліміздің басты байлығы – ол Тәуелсіздігіміз, жер тұтастығымыз, елдің амандығы мен халқымыздың бейбіт өмірі. Әртүрлі себептермен біздің елімізге қоныс аударуға мәжбүр болған шетел азаматтарының арасынан бүгін Қазақстан өндірісінде қажет, жетіспейтін техникалық, IT саласының және т. б.   мамандар өз орындарын тауып, ел экономикасына пайдасын тигізіп, бір кірпіш болып қаланса, оған біз бизнес партиясы ретінде түсіністікпен қараймыз.

Алайда, олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қалтқысыз бағынуға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге міндетті. Сондай-ақ, миграциялық дағдарысты пайдаланып, ел ішін арандатушылардың іс-әрекеттеріне де тосқауыл қойылуы тиіс.

 

Өкінішке орай, қазірдің өзінде еліміздің кейбір аймақтарында арандату оқиғалары бой көрсетуде.  Қылмыстық істер қозғап, арандатушылардың алдын шұғыл алып жатқан құзырлы мемлекеттік органдарға ризашылығымызды білдіреміз.

 

Осы орайда, алдымен, Қазақстанда қанша Ресей азаматтары бар екенін нақтылап, жауап беруіңізді сұраймыз.

 

            Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясы Үкімет жедел түрде тиісті сақтық шараларын қабылдап, мүдделі мемлекеттік органдарға төмендегідей тапсырма беруі тиіс:

 

- біріншіден, көшіп келушілердің Қазақстанда қалуға ниет білдірген азаматтары үшін; қалалар мен елді мекендерде бейімдеу орталықтарын ашып, бұл орталықтарда оларға:

 

- Қазақстан тарихымен, мәдениеті мен тұрмыс-салтымен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныстыру; Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын түсіндіріп, құқықтық кеңес беру; қазақ тілі курстарын ашу және әрбір көшіп келген шетел азаматын бейімдеу орталығынан өтуді міндеттеу; 

 

- екіншіден, әрбір қоныс аударушының қос азаматтық фактісі бойынша тексеру және нәтижесі бойынша тиесілі құқықтық шара қолдану;

 

- үшіншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қатаң бақылап, яғни, әлеуметтік желілерге, келушілердің чаттарына контент сараптама (Facebook, Tik-Tok, Telegram, Instagramm, Vkontakte и т. б.) мен мониторинг жүргізіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және мемлекетіміздің жер тұтастығына, тәуелсіздігімізге күмән келтіретін жазбалардың авторларын ерекше қадағалауға алып, ондай іріткі салушыларды қатаң жауапкершілікке тартып, оларды елден шұғыл аластау қажет деп санайды.

Иә, соңғы кездері қоғамда шекараны жабу туралы ұсыныстар жиі айтылуда. Ең алдымен, мұндай шешімге баруға мемлекетіміздің халықаралық келісімдері кедергі.

 

Сонымен қатар біз қолына қару ұстаудан бас тартқан ресейліктерді қабылдай отырып, соғысқа қатысушылардың санын азайтып, осы арқылы еліміз бейбітшілік үшін үлес қосты деп есептейміз.

 

Бұл миграциялық дағдарыс әрі қарай әрқилы дамуы мүмкін.  Осы орайда, ұлттық мүддемізге қауіп төнетін болса, біздің мемлекеттік органдар қабылданатын тиісті шаралардың бірнеше нұсқасын алдын-ала әзірлеп, кез-келген жағдайға дайын болу керек деп санаймыз. 

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары
06.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 81
  Алтын қолды дәрігер
Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 90
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 94
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 101
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 94
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 101
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 90
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 87
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 84
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 95
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 94
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 90

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10373
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9353
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12593
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11565
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16576