ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловқа

ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловқа

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

Елімізде ерекше қажеттіліктері бар 711 мыңнан астам азамат тұрады. Олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және негізгі міндеті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын 711 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 420 мыңы – еңбекке қабілетті азаматтарды құраса (58%), 187,5 мыңы – зейнеткерлік жаста (26,3%) және 104,3 мыңы - 18 жасқа дейінгі балалар (14,6%).

Бұл азаматтарға мемлекет тарапынан қажетті деңгейде қолдау көрсетілмей келеді. Ашығын айтқанда жеке баспанасын аңсап жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың саны жетерлік. Мемлекет тарапынан баспана алуға арналған арнайы бағдарламалар қабылданғанымен іс жүзінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жетімсіз болып отыр. Негізгі мәселе мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылмауы, сәйкесінше екінші деңгейлі банкте төлем қабілеттілігін растай алмауы. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың баспана ипотекасын рәсімдеуге қол байлау болып отыр. Олар да өз басында жеке баспанасы болуын армандайды. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасылардың жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ. Бірақ қол қусырып отырған ешкім жоқ. Олардың басым бөлігі үйден болса да жұмыс істеп нәпәқасын тауып отыр. Еліміздегі әрбір 5-ші мүмкіндігі шектеулі жан ресми түрде жұмыс істейді. Бірақ көбі зейнетақы аударымдарын аудара алмайды. Одан бөлек екінші деңгейлі банктер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тәуекелі жоғары топ ретінде қарайды. Мұндай өрескел қателіктерге жол бермеу керек.

Сондықтан жоғарыда аталған негізгі мәселені назарға ала отырып төмендегідей өзгерістердің енгізілуін ұсынамын.

Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік бағдарлама талаптарын қайта қарау қажет. Яғни, ипотека рәсімдеуде жеңілдетілген ұсынымдар енгізілуі керек. Табыс көзін растағанда зейнетақы аударымдары емес, екінші деңгейлі банктердегі соңғы 6 айдағы түсімдердің жиынтығын көрсетсе жеткілікті деп санаймын.

Екіншіден, екінші деңгейлі банктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға тәуекелі жоғары топ ретінде қарамау мәселесіне ерекше назар аудару қажетт. Инклюзивті қоғам құруда бұл өзекті мәселе болып қала бермек.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға шексіз мүмкіндіктер сыйлау сіз бен біздің басты міндетіміз. Жоғарыда аталған мәселеге баса назар аудара отырып, жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша ұсынуыңызды сұраймын.

 

 

Құрметпен,

Депутат                                                                                        Д.Мұқаев

03.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Абысын-ажындар сахнада сайысты
Кәмила САПАРХАЙЫР, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Іле ауданы филиалының төрайымы - 25.09.2024 776
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 621
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 666
530 өлең жолынан  тұратын кітап
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 25.09.2024 599
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 624

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5598
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5043
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8210
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6023
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7236