ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтардың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын

ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев:  Азаматтардың ертең емес,  бүгін бақытты өмір сүргенін  қалаймын

Ал Президенттің «Мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты» деген пікіріне келер болсақ, Мемлекет басшысы айтқандай, қазір Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Әлеуметтік, экономикалық және демографиялық ахуал мүлде басқа. Бүгінгі сын-қатерлер де, міндеттер де бөлек. Иә, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ауыр, қымбатшылық екі бүйірден қысып барады. Президент Үкіметке шұғыл арада дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың пакетін ұсынуды тапсырды. Осы орайда Президент: – «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы – еліміздің егемендігі. Шын мәнінде біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі мемлекетімізді қорғап қалу мен үшін аса маңызды», – деді. Осы жолда Президент жауапкершіліктің бәрін мойнына алуға дайын екенін атап өтті.

«Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау – мен үшін киелі парыз. Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше «Жаңа Қазақстанды» бірге өркендетейік, ағайын. Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік бола берсін!» – деді Қ.Тоқаев.

Ал Қапшағай қаласының Қонаев болып өзгеруіне қатысты Президенттің ұсынысына әлеуметтік желіде түрлі пікірлер, көзқарастар айтылып жатыр.

Сонымен қатар Президенттің «Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшеді» деген пікірі де көпшіліктің көңілінен шықты. Тұтас Жолдаудан ұққанымыз бұл Жолдауды іске асыру үшін саяси реформалар бойынша Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізіп, 20-дан аса жаңа заң қабылданбақ.

Президенттің айтуынша, заң жобасын әзірлеп, оны қабылдау едәуір уақытты алатын күрделі жұмыс. Сондықтан оған аса жауапкершілікпен қараған жөн. «Сондай-ақ ішкі, сыртқы сын-қатерлерді мұқият ескеруіміз керек. Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтардан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі Қазақстанға да әсер ететіні анық. Бірқ азаман қанша күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз. Өткеннен тағлым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 189
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 698
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 821
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 734

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496