ҚР волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері оңтайландырылды

ҚР волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері оңтайландырылды

 

ҚР Парламент Мәжілісінің барлық комитеті заң жобасы бойынша оң қорытындылар берді. Жұмыс тобының 10 отырысы және комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Бұл ретте жұмыс тобы шеңберінде 2021 жылғы 3 қарашада заң жобасының таныстырылымы өтті. Салыстырма кестеге 160-тан астап түзету келіп түсті. Осы айтылғанды ескере отырып, комитет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсына отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізуге болады деп есептейді.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашы болды. Заң жобасы волонтерлік қызмет, қайырымдылық, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.                                                                                                                

Заң жобасында:                                                                                                                             

- стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты түрінде мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылының жаңа тетігі енгізу;                                                             

- Еңбек кодексіне волонтерлік қызметке қатысатын азаматтардың  волонтерлік қызметін азаматтық қызметке кіру кезінде есепке алу құқығын кеңейту бөлігінде олардың волонтерлік қызметін ынталандыруға бағытталған, нормаларды енгізу;                                     

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңға ұғымдық аппаратты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, уәкілетті органның, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың құзыретін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу;                                  

- гранттарды әкімшілендіру мен қаржыландыру мәселелерін жақсартуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді сияқты сараланған гранттарды енгізу;   

-коммуналдық мүлікті волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарына жеңілдікті шарттармен кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру;                                            

- корпоративтік, электрондық қайырымдылықты, корпоративтік волонтерлікті енгізу және басқалары ұсынылады.                                                                                                                  

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар:                                                                        

- уәкілетті органның, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру мәселелері бойынша құзыретін нақтылау;                                                                                            

- террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге тыйым салуды белгілеу;                                                                             

- қайырымдылық ұйымдарын қайырымдылық объектілері мен субъектілері қатарына, ал қайырымдылық гранттарын қайырымдылық ұйымының кірістері қатарына жатқызу бөлігінде заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді. Сондай-ақ, қайырымдылық ұйымының басқару органдарының қызметін айқындайтын баптардың нормалары қайта қаралды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 55
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 99
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 101
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 214
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 428
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 391

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9084
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8483
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11711
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9477
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10692