«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІСТЕРІ

«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІСТЕРІ

Осыдан он бір жыл бұрын, 2012 жылы Қазақстан волейболы картасында жаңа «Қуаныш» командасы пайда болған еді. Клуб атауы Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданында орналасқан, Қайырбек Сәдуақасұлы Хамзин басқаратын фермерлік шаруашылықтың атауынан алынды.  Агроқұрылым  басшысының  бастамасы мен ықыласы бойынша  облыстағы жас және дарынды бойжеткендерге өздерінің сүйікті ойынымен кәсіби тұрғыда шұғылдануына мүмкіндік берілді. Содан бері Қайырбек   Сәдуақасұлы – клуб директоры.

2012 жылы 13 қараша күні оның осы командасы Қазақстан чемпионатында тұсауын кесіп, алғашқы ойынын өткізді. Бұл ел біріншілігінің «Б» жоғарғы дивизионы болатын. Бір жылдан кейін Хамзиннің командасы бұл лигада топ жарып, «А» дивизионына көтерілді. Ал содан екі жылдан соң біріктірілген жоғарғы дивизионда үздік шығып, «Қуаныш» Ұлттық лигада бақ сынау құқығына ие болды.

Команда бірден нәтиже қумай, жыл өткен сайын шеберлігін шыңдай түсіп, облыс орталығына көшіп, қоныс ауыстырды. Ал команданың жастары қосалқы құрам арасындағы ел біріншілігінде ерекше көзге түсе бастады. Осыдан бір жыл бұрын «Қуаныш» кіл мықтылар арасында алғаш рет қола жүлде жеңіп алды.

«Қуаныш» бұл жетістігін өткен жылы да қайталап, сол үшін 2022 жылғы Семейде өткен клубтық Азия чемпионатында  ешкім ойламаған жерде жеңіске жетіп, құрлық додасы финалында бағы жанып, клубтық Азия чемпионы атанды.

Қайырбек Сәдуақасұлы Қазақстан чемпионатында топ жаруды армандап жүргенде, оның командасы 6 дүркін ҚР чемпионы «Алтай» командасын 3:2 есебімен тізе бүктіріп,  Халықаралық кубокқа қол жеткізді.

Биылғы Ұлттық лиганың жаңа маусымында да финалда «Алтай» волейболшыларымен шаршы алаңда 2 рет кездесіп, 2:3 есебімен қарсылас командаға есе жіберіп алған еді. Алайда құрылғанына 11 жыл ғана  болған қызылжарлық команда күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Облыстық әкімдікте өз тарихында алғаш рет Ұлттық лига біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алған «Қуаныш» волейбол клубын марапаттау рәсімі өтті. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров бұл спортшылар мен бапкерлердің көп жылғы еңбектерінің жемісі екенін атап өтті.

«Бұл жетістік облыста спорттың дамып жатқанын көрсетіп отыр. Әсіресе волейбол жақсы деңгейге көтерілді. Волейбол үйірмелеріне жүздеген балалар қатысып, кәсіби түрде дайындалуда. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Тиісті қаржы бөлініп жатыр», – деді облыс әкімі.

Жиында спортшыларға төсбелгілер мен Алғыс хаттар табыс етілді.

НҰРСАЙЫН ШӘРІП
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8840
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448