«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»

«Қуатты өңірлер – ел   дамуының драйвері»

Үкімет отырысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасының 2021 жылғы нәтижесін баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: «Елімізде өңірлер арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске асырылуда. Ұлттық жоба екі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр, олар – «Базалық қызметтерге тең қолжетімділік» және «Көлік байланысын қамтамасыз ету», онда 4 міндет, 20 көрсеткіш және 96 іс-шара айқындалған. Ұлттық жобаның 2021 жылға арналған іс-шаралары жалпы 1,5 трлн теңгеге қаржыландырылған, оның ішінде республикалық бюджет – 1,1 трлн теңге. Бұл соманың 1,4 трлн теңгесі немесе 93 пайызы игерілді. Атап айтсақ, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 90 пайызға жетті, моно және шағын қалаларда инженерлік және көлік инфрақұрылымының тозуы 57,6-дан 45,5 пайызға дейін төмендеді, 17,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, нормативтік күйдегі республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 90, ал жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 80 пайызға дейін өсті, 112 мыңға жуық тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылды. Бұл ретте, 2021 жылға жоспарланған 20 көрсеткіштің төртеуі орындалмаған, олар – тұрғын үйді пайдалануға беру, ҚР аумағы арқылы транзит көлемі, Транскаспий бағытындағы контейнер ағыны және «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бюджеттік кредиттер беру бойынша көрсеткіштер. Көрсеткіштердің толық орындалмауының негізгі себептері ретінде жобалардың қымбаттауы және жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуі, сондай-ақ COVID-19 аясындағы шектеу шаралары және тағы басқалар болып табылады. Биылғы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында Ұлттық жобаның іс-шараларын орындау одан әрі жалғасуда. 2022 жылы ұлттық жобаны іске асыруға 1,8 трлн теңге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат – 709 млрд теңге қарастырылған. Оның үлесі шамамен 40 пайызға өсті. Бұл ретте, биылғы 1 тамызға шаққанда 528 млрд теңге немесе 30 пайыз игерілді», – деді. 

 

Ермек Сахариев
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 69
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 178
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 182
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 399
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 362
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 980

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661