Құнсыздану теориясы немесе Назарбаевтың тарихи мәртебесі

Құнсыздану теориясы  немесе Назарбаевтың тарихи мәртебесі

2014 жылы «Алматы Ақшамы» газетінде жұмыс істеп жүрген кезім. Газеттің 25 жылдық мерейтойына орай «Таңдаулы» деген атпен кітап құрастыру керек болды. Кітапқа газеттің соған дейін ширек ғасыр тарихында жарық көрген материалдардан таңдаулылар кіруі тиіс. Осыған орай менің Ұлттық кітапханада екі апта отырып газеттің өткен сандарын толық қарап шыққан күнім болды. Көп материал оқыдым. Әсіресе саяси сипаттағы дүниелерге баса назар аудардым. Сонда байқағаным, 1998-1999 жылдарға дейін газет бетінде Н.Назараевтың аты көп дәріптелмеген. Н.Назарбаевтан ұлы тұлға жасау науқаны 1999 жылдан бастап ресми төске өрлегені анық байқалады. 

Осы уақыт аралығында қазақ қоғамында, сірә, не жағдай орын алды? Бұл Н.Назарбаевтың билікте отырғанына 10 жыл толған кезеңге тұспа-тұс келеді. Жалпы Кеңес одағынан тараған елдердің тарихына үңілсек, осы кезеңде одақ ыдырап, демократиялану басталды,бірақ арада 10 жыл өткенде жаңа жағдай орын алды. Демократиялану кедергіге ұшырап, тоқырады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында билікті ұстап қалған бұрынғы коммунистік партияның бірінші хатшылары мен солардың командасы қоғамды одан ары либералдаудан гөрі өз биліктерін күшейтіп, билікте ұзақ отыруға жағдай жасап, автокаратияға бет бұрды. Қазақстанда бұл жағдай 1998-1999 жылдарға тұспа-тұс келеді. 

Одан кейінгі жағдай белгілі. Н.Назарбаевтан ұлы тұлға жасау науқаны басталды. Оның билікте мерзімсіз қалуы және билігінің шектемесіз ұлғаюына жағдай жасалды. Соның бір көрінісі 2000 жылы «Тұңғыш президент туралы заңның» қабылдануы, 2010 жылы осы заңның толықтырылып, қайта жаңаруын атауға болады. Соңғы жиырма жылда шексіз билікке ие болған Н.Назарбаев саясатта және ел экономикасының барлық табысты саласында өз отбасы мен айналасындағы адамдардың мүмкіндігін күшейітті. Оның үлкен қызы Дариға Назарбаева биліктегі ең ықпалды адамдардың біріне айналды. Екінші қызы Динара мен оның күйеуі Т.Құлыбаев мұнай-газ, банк, құрлыс саласы, т.б. табысы көп мемлекеттік кірістен игіліктенетін компанияларға иелік етті. Н.Назарбаевтың саясаттағы командаластары елдегі билік пен байлықты толықтай қолдарына алды. 2022 жылы қаңтарда болған қанды оқиға қазақстандықтардың Н.Назарбаевтың осы саясатына қарсы бас көтеру болды. 

Бұдан байқайтынымыз Н.Назарбаевтың саяси мұрасы ел билігі мен байлығын өз отбасы мен жақындарына шоғырландырған автократиялық түс алады. Қазақстан конституциясында «Қазақстан – зайырлы, демократиялы ел» деп жазылған. Жоғарыдағы жағдай конституцияға қайшы келеді. Қазір билік Н.Назарбаевтың тарихи орынын Ататүріктің Түркиядағы немесе Вашингтонның АҚШ еліндегі орыны деңгейінде тұлғалауға ұмылып отыр. Ататүрік пен Вашингтон билікті отбасына шоғырландырған, мемлекет байлығын монополиялаған тұлғалар емес. Олар Н.Назарбаев сияқты тәуелсіз мемлекет құрушы тұлға болды, бірақ билікте ұзақ мерзімге отыруға жұмыс істеген жоқ, мемлекет мүлкін өз атына және жақындарына жекешелендіріп берген жоқ. Ататүрік пен Вашингтон шынайы демократиялық мемлекет құрған тұлға болды. Н.Назарбаев автократиялық жүйе жасады. 

 

Бұдан шығатын қортынды, Н.Назарбаевты тәуелсіз Қазақстанның Ататүрігі немесе Вашингтоны етіп тұлғалау құндылықтарды құнсыздандыру немесе саясаттағы шалағай қарабайырлыққа жатады. Шынайы демократия мен автократияны айыра білмейтін, ұғым шатысын тудырады.  Бұл Қазақстанның келешек дамуына, демократиялануына залалын тигізеді. Бүгінгі билік елдің ертеңін ойласа, мұндай қателікке саналы түрде барудан бас тартады деп ойлаймын.

Ардақ НҰРҒАЗЫ, thebilge.kz
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 66
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 104
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 105
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 66
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 212
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 218
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 432
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 396

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9089
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8486
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11714
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9480
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10695