Құқық қорғаушылар қабылдайтын ант мәтіні өзгереді

Құқық қорғаушылар қабылдайтын ант мәтіні өзгереді

Бас прокуратураның қаулысы Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында: «Құқық қорғау, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет жұмыскерлерінің ант беру қағидаларына өзгеріс енгізілуі мүмкін», – деген ақпарат жарияланды. Құжатқа сәйкес, енді аталған қызметтерді атқаратын азаматтар келесі мәтін бойынша ант қабылдайды:

Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке кіре отырып:

өз халқыма адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзімнің барлық іс-әрекеттерімде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға тиіспін;

- өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау үшін барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға;

- моральдық тазалықтың, қарапайымдылықтың үлгісі болуға, өзімнің кәсіби абыройымды, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;

- қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге ант етемін.

- Антты бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын ұғынамын.

Анттың жаңа мәтінін бекіту туралы қаулы 23 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылған. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады. 

Ермек Сахариев
18.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5441
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5594
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20565
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19193
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22656