Құранды жатқа айтқан балалар

Құранды жатқа айтқан  балалар

Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша екінші рет Құранды жатқа оқу жарысы өз мәресіне жетті. Байқауға 38 ұл бала, 7 қыз шәкірт қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мақұлдауымен аудандық бас мешіт ұйымдастырған шара Дардамты ауылдық мешітінде өтті.  Жастарды имандылыққа баулитын іс-шара қоғамның көз алдында ашық әрі әділ болды. «Отанды сүю иманнан» деген. Бүгінгі бала – елдің ертеңгі иесі. Оларға білімді, әдепті, отаншыл болып өсу – басты парыз. Осындай үлкен мақсатты көздеген байқау көпшіліктің көңілінен шықты. Қазылық еткен имамдар: Абдулла Нуриддин қари, Галимов Шухрат қари және заңгер Дәулетияр Сағитжан. Қазылар шәкірттердің құранды аспай-саспай жатқа оқуын, Құранның ішкі мәнерін сақтауын қадағалап, бақылап отырып өз бағаларын берді.  

Құрандағы жарты параны (шамамен он бет) қырағатымен әуендетіп жатқа оқу бойынша 

1-орынды Майданов Закария, 2-орынды Тохтасунов Абдурахим, 3-орынды Аметиов Хамид иеленді.

Құранның соңғы отызыншы парасын (жиырма бет) толық оқу жарысы бойынша: 

1-орын Ярмухаметов Нурифатқа, 2-орын Аметов Хакимге, 3-орын Якубов Мухаммадқа бұйырды. 

Қыздар арасындағы байқауда: 

1-орынды Авакирова Фатима, 2-орынды Меримова Мариям, 3-орынды Якубова Халима алды.

Шәкірттерімізге толағай табыстар тілейміз. Иманды ұрпақтарымыз көбейе берсін!

 

 

Асим Сулайманов
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540