«Құрдымға кеткен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мақаласына оқырмандар үн қосты

«Құрдымға кеткен қазақ тілі мен  қазақ әдебиеті» мақаласына оқырмандар үн қосты

 

Газетіміздің 3 санында (27 қаңтар, 2022 жыл) «Құрдымға кеткен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» деген мақала жарияланған еді. Мақалаға қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндеріндегі басты олқылықтар арқау болды. Сондай-ақ, ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті деген атпен өзара кірігіп кеткен тілді оқыту мәселесі де көтерілген болатын. Мақаланы ресми хат жазып, Білім және ғылым министрлігіне жіберген болатынбыз. Олар іле жауап қайтарып, жауапты 10 ақпаннан қалдырмаймыз деді. Мақаланы газетіміздің сайтынан, әлеуметтік желілер арқылы бөлісіп оқыған қалың оқырмандар бірауыздан  қолдау білдіріп, пікірлерін ортаға салды. Төменде сол мәйекті ойлардың  жіліктілерін ұсынып отырмыз.

Жазира Койгельдинова: Қазақ тілі пәнін жаңартамыз деп, тілдік бағдарды  жұлым-жұлым етті. «Әмбебап» мұғалімбіз. 

Бибигуль Айдосова: Бұрынғы қазақ тілін қайтарсын.

Анар Сабиолдина: Мен мақалада көтерілген мәселелермен толықтай келісемін. Ендігі мәселе: осы сұрақ жауабын табар ма екен?

Жанна Абдрешова: 30 жыл мектепте мұғалім болып, енді мына оқулықтармен не істерімді білмей, тұйыққа тірелдім. Өзге ұлт өкілдеріне қарапайым сөйлеу тәсілдерін үйретпей, қайдағы қиын мәтіндерді беріп, тығырыққа тіреп тастады. Өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізді  үйренуін қазіргі оқулықтар мүмкін еместей жағдайға жеткізді.

Алуа Кашкеева: Өзіміздің бұрынғы тіл мен әдебиетімізді қайтарсыншы!

Роза Сейдалиева: Грамматикадан неге қашады? Себебі, қиын. Өзі түсінбеген соң, басын ауыртқысы келмейтіндер осы оқу үрдісін қос қолдап қуана қабылдайды. Грамматика кеңес заманында емес, ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алған!

Алмат Ержанов: Грамматиканы алып, қазақ тілінен мән кетті. Мен де өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беремін.  Бірақ, қазақ тілін емес, энциклопедияны өтіп жатқандай күй кешемін. Бір күн футбол, бір күні Эйнштейн, бір күні биотехнология, солай жалғасып кете береді. 

Құралай Жұмажанова: Қазақ мектебінде де айтылатын мәселе осы. Көпшілігіміз әлі күнге дейін бағдарламаның не мақсатта құрылғанын түсінбей келеміз. Байланыспайтын тұстары көп. Ол айтылып, жазылды да. Алғашқылардың бірі болып сынға ұшыраған 5, 7-сынып оқулықтары әлі сол күйінде жүр. Олар мүлде сын көтермейді. «Арман ПВ» баспасынан шыққан авторлардың жұмыстарына төмен деген баға беремін.

Алтын Болсинбекова: Бұл ең өзекті мәселе. 5-ұлт сыныптарына сабақ беремін. Оқулықта тақырыптар шашыраңқы берілген, оқушыға ауыр тиері анық. Бөлімдер арасында мүлде байланыс жоқ. 

Майрагуль Айтпаева: 5-орыс сыныбының қазақ тілі мен әдебиеті оқулығының 2-бөлімі «Дәрумендер мен тағамдар» деп басталады, ал келесі модуль «Менің тәуелсіз Қазақстаным». Сонда алдыңғы өткен модульдағы  дәрумендер ұмыт қалып, рәміздерге көштік. Айтайын дегенім-модульдардың арасында байланыс болу қажет.

Ләззат Боранбекова: Қазақ тілі оқулықтарының сапасы өте төмен. Орыс сыныптарына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқулығын дұрыстап жазу керек.

Алтын Менлибаева: Жүректе жүрген үлкен жараның бетін тырнағандай  жазылған мақала болды.  Расында да, грамматикадан жұрдай болып бара жатырмыз.

Нұргүл Қалмағанбетова: Қазақ тіл білімінің салаларын талдап оқытқан бұрынғы бағдарлама келмеске кетті-ау...

Айнур Хаметқызы: Бүгін бір оқушым «Демография туралы аяқтап, енді сүт тағамдары туралы айтамыз ба?» дейді. Алдыңғы апта саясаткер болғанбыз, осы апта білдей биотехнолог болып барамыз.

Жазира Койгельдинова: Басқа бір пәннің бөлімінде біздің пән кірістірілмеген. Біз ғана ғаламторды, жаратылысты, саясатты тағысын тағыларды оқып жүрген. Спиральды оқыту тек қазақ тілі мұғалімдеріне тіреліп қалғандай шиыршық атып жүрміз.

Жазира Досжан: Грамматиканы қайтарсын. Мақалада өте өзекті мәселе қозғалған. Қазақ тілінен, қазақ әдебиетінен бір тақырыпты сағызша созғанша, басқа шығармалармен танысуға мүмкіндік берсін.

Саке Ербол: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті оқулықтарын шүғыл түрде бұрынғы жүйеге ауыстырсын.

Сәулеш Тари: Жоғары сыныптарға арналған  қазақ тілі оқулықтарының мәтіндері өте күрделі, шимай-шатпақ саясат туралы.

Гульзира Нургожина: Бұрынғы дәстүрлі оқытылған қазақ тіліне ештеңе жетпейді.

Осылайша тілді оқытудың сырқат, мүшкіл халі жайлы оқырмандар пікірі бір арнаға саяды. Жоғары билік бұл айтылған мәселеге құлақ асады деген үміттеміз.

 

https://qazdauiri.kz/news/qurdymga-ketken-qazaq-tili-men-qazaq-adebieti 

Құрметпен оқырмандарыңыз – Әбітбек Тұрғымбекұлы
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785