Құрметті Әлихан Смайлов мырза! Әйелдердің зейнет жасын қысқартыңыз!

Құрметті Әлихан Смайлов мырза! Әйелдердің зейнет жасын қысқартыңыз!

Біздің талап мынау: Зейнет жасы көп балалы аналарға  50 жас болуы тиіс!

Бізді шетелмен салыстырмаңыз, оған біз де, біздің бүгінгі қоғам да, көзқарас та, әлеуметтік жағдай да басқа. Біз ол дәрежеге әлі жеткен жоқпыз. Бізде 50 жастағы әйел бір жерге жұмыс сұрап барса, жасың үлкен деп, жұмысқа қабылдамайды. Жұмыссыз сандалып, не істерін білмей, балалардың, күйеуінің қолына қарап, мүсәпір хәлге түсіп, үнсіз, лажсыз, даусы еш жерге жетпей жүрген әйелдер мың-мыңдап жүрміз. Ал жұмыстағы әйелдер, жасы 58, 59 жаста, әлтек-тәлтек етіп, жұмысқа жарамай, лажсыз жұмыста жүргендері де көп. Аналарға деген бұл ұсынысыңыз Үкіметтің арнайы дайындаған қорлығы деп қабылдап отырмыз. Біз биліктегі жылы жер, жұмсақ креслода отырған аналар емеспіз. Біз кәдімгі қара жұмыс жасап жүрген аналармыз. Әлде  өңкей кемпірлер сізден рұқсат болса, бейбіт шеруге шығайық па? Біз де адамбыз ғой.

Шашымыз аппақ, аяқтарымыз қалтаң-қалтаң етіп, жастармен, немереміздей балалармен таласып-тырмысып, жеккөрінішті болып жүре берелік пе? Билік өкілдері, министрлер, депутаттар бәріңді де ана, әйел дүниеге әкелді ғой. Енді біз асыл ана емес, бейшара, мүсәпір ана деген атқа ие болып қалдық. Шынымен де жастар басқаша көзбен қарайтыны хақ. Бүгінгі Қазақстанның заңын білмейтін жастары: «Апай, үйіңізде немереңізді қарап  жатпайсыз ба?» деп аяушылықпен қарайды. Олар ақша үшін жүр деп ойлайды. Бізді бұлай қорламаңыздар!

Зейнет жасын ұлғайту, көрге қарай мәдениетті, ың-шыңсыз сүйреу секілді көрінеді. Сондықтан қадірлі, Әлихан Смайлов мырза! Аналардың жанайқайын тыңдаңыз! Аналардың жағдайы түзелгенде ғана мемлекет гүлденеді, қазақтың саны көбейеді, балаларымыз тәрбиелі, көргенді, иманды болып өседі. Біздің жоғарыдағы талабымызды ескеріп, зейнет жасын ұлғайтпаңыз. Өтінішіміз жерде қалмайды деп сенеміз.

Айдана Балтабаева
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 116
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 115
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 631
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 749
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 661
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 674

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8809
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8208
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11434
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9190
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10419