Құрметті баспасөз майданындағы әріптестер!

Құрметті баспасөз майданындағы әріптестер!

Баршаңызды бүгінгі Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мерекенің маңызы зор, мәні терең. Өйткені дәл осы күні Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары ұйытқы болған «Қазақ» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. 

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы тегін айтпаған. Ұлт мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газеті болашаққа деген ұлы мұрат жолында барша халықтың басын біріктірді. Ұлттық бірлік пен ынтымақтың ерен үлгісін көрсетіп, қазақ қоғамынның рухани кемелденуіне айрықша ықпал етті»

Бүгінгі қазақ баспасөзі де осы беделінен айырылмай, еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарып келеді. Жергілікті билік тарапынан мерзімді басылымдарға ұдайы кең қолдау көрсетілуде. Бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастырып, олардың өркендеуіне үлес қосу – баршамыздың ортақ мақсатымыз. 

Қадірлі қаламгерлер!

Сіздерді осы бір айтулы мерекемен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт тілейміз. Ақпарат айдынындағы жұмыстарыңыз әрдайым жемісті болсын!

02.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14479
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14393
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29551
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28175
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31715