Құрылыс жұмыстарының көлемі артты

Құрылыс жұмыстарының көлемі артты

Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың есебін тыңдады. Онда басқарма тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыс ауқымы баяндалды. Ерлан Құрмантайұлының айтуынша, өткен жылы басқарма арқылы сметалық құны 196,1 миллиард теңгені құрайтын 249 жобаға бюджеттен 85,8 миллиард теңге бөлініп, құрылыс жүргізілген.

– Жыл қорытындысымен 113 нысанда құрылысы аяқталып, 117 нысан 2023 жылға өтпелі болды. Тапсырылмағаны – 19 нысан. Басқарма екі әлеуметтік- экономикалық көрсеткішке тікелей жауапты – ол құрылыс жұмыстарының көлемі мен пайдалануға берілетін тұрғын үй. Өткен жылы құрылыс саласына 227,7 миллиард теңгеге инвестиция салынып, құрылыс жұмыстарының көлемі 101 пайызға орындалды. Бүгінгі күні облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 37188 азамат тұр. Дегенмен соңғы 6 жылда бюджеттік тұрғын үй құрылысының өсу серпіні байқалады. Бұған қарамастан, кезекке тұру саны да жыл сайын ұлғаюда. Атап айтар болсақ, 2021 жылы 2334 кезектегі адам баспанамен қамтылса да, кезектілік 6334 адамға қайта артып отыр. Сонда бір жыл ішінде 8,9 мыңнан аса азамат кезекке тұрды, ал осы жылдың басынан 806 азамат кезекке тұрған. Сондықтан тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде құны 24,6 миллиард теңгеге 4208 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 2260 пәтерлі 34 үйдің құрылысы аяқталды. Ал асарлатқан ағайынның көмегімен 2020 жылы 99 тұрғын үй, 2021 жылы 134 үй, 2022 жылдың қорытындысымен 104 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға табысталды. Ағымдағы жылы «Асарлатып үй салу» жобасымен 121 жеке тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Облыс бойынша жеке тұрғын үй салу үшін жер алуға 209,5 мың адам кезекте тұр. Есепке қарасақ, бір жылда кезекке 77 мың азамат қосылады екен. Атап кететін жайт, жерге кезекке тұру ағымдағы жылы электрондық нұсқаға көшуіне байланысты кезекке тұрған азаматтар саны күн сайын артуда. Өткен жылы 9,2 миллиард теңгеге 20 алқапта 33 жобаның құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысы ме н 2 7 нысанның құрылысы аяқталды. Нәтижесінде 3198 жер телімі кезекте тұрғандарға таратуға дайын болды, – деді басқарма басшысы.

Ерман ӘБДИЕВ, Ақ жол газеті
29.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 229
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 365
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 365
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 596
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 539

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9242
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8639
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11865
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9636
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10847