Құттықтаймыз! Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Құттықтаймыз!                                Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

   Осыған дейін Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған  Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Берік Уәли 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 1997-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисі, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі. 2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы. 2019 жылы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Ермек САХАРИЕВ
29.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 171
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 184
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 456
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 269

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18360
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18224
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33410
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31963
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35726