ҚУЫРШАҚТЫҢ ЖАНЫН ТҮСІНЕ БІЛЕТІНДЕР

ҚУЫРШАҚТЫҢ ЖАНЫН ТҮСІНЕ БІЛЕТІНДЕР

 

Балалық шақтың бейкүнә қуанышын сахнада сақтап қалуға бола ма? Қуыршаққа жан бітіріп, оны көрерменге шынайы кейіпкер етіп жеткізу – бұл оңай іс емес. Дәл осы өнердің майталмандары, Мемлекеттік Қуыршақ театрының артистері, өнердегі отбасылық жұп Айдын Жақыпбаев және Эльвира Сүлейменовалармен ашық әңгіме өрбіткен едік.

 Қуыршақ театры – көпшіліктің назарынан тысқары қалып қоятын сала. Алайда оның өзіне тән ішкі әлемі, сахнадағы әрбір қозғалысының астарында кәсіби дайындық пен нәзік сезім жатыр. Эльвира ханым бұл жайлы былай дейді: «Кейіпкерлеріміз – қуыршақтар. Балаларға арналған қойылым болғандықтан, әрдайым сол ішкі баламызбен сахнаға шығамыз. Өзіміз де кейде сол бала мінезімізді сақтап қалғандай боламыз. Сахнада әртүрлі рөлдерді сомдау – біздің кәсібіміздің басты ерекшелігі. Бір қойылымның өзінде бірнеше кейіпкерді басқару – әр актерден үлкен шеберлік талап етеді. Мысалға қоянның рөлі болса көжегін жасаймыз, ит болса күшігін жасаймыз деген сияқты, сондықтан балаларға арналған дүниеге жақынбыз. Сен рөлді өзің сезінбесең, көрермен де сенбейді. Қуыршақпен арада эмоционалдық байланыс орнауы керек. Біз қуыршақты емес, оның бейнесін жеткіземіз».

Айдын мырза да бұл пікірді толықтыра түсті: «Қуыршақты ұстағанда, өзімді ұмытып кетем. Оның ішіне кіріп, сол кейіпкерге айналам. Бұл – әртіске табиғи берілетін қасиет деп ойлаймын. Қолдың ептілігі – ең басты талап. Кейде бір мезетте екі қуыршақты ойнатуға тура келеді. Ол – үйлесімді қозғалыстың, жылдам реакцияның нәтижесі».

Эльвира ханым да бала жайында сөзін жалғастырып: «Балалармен үнемі бірге болудың әсері ме, бізді көрген достарымыз: «Жас көрінесіңдер...» деп тамсанады. Расында да, балғын жанды кейіпкерлермен жұмыс істей жүріп, бала мінезіміз бен ашық көңілімізді сақтап қалғандаймыз».

Сөз кезінде өнерпаздар қуыршақпен жұмыс істеудің күрделі екенін жасырмады. Колледждегі үш жылдық оқудың іргетасы көп нәрсеге үйреткен.Онымен қоса театрдағы дайындық әрі режиссердің талабы актерлердің білімін ұштаған. Тіпті кейбір уақыттарда театрда қонған.

 Эльвира Сүлейменова: «Біз үш жыл бойы колледж қабырғасында білім алдық, сол жылдарда мамандықтың қыр-сырын санамызға құйды, мықты негіз қаладық. Бүгінде спектакль басталған сәтте қолыңа бір рөл тисе, алдымен оны жан-жақты зерттейсің, кейіпкердің мінезін ұғуға ұмтыласың, ізденесің. Егер өзіңе дұрыс мақсат қоя білсең, уақыт өте келе кез келген қуыршақты меңгеру жеңілдей түседі».

Айдын Жақыпбаев: «Сол уақыттағы дайындықтар әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді. Таңнан қара кешке дейін қолыңан қуыршақ түсірмейсің. Тіпті кетіп бара жатқаныңда да сөздеріңді қайталап, қуыршақты жүргізесің. Ал режиссерге ұнамаса сол түні ұйықтамай дайындаласың. Театрдан мүлдем шықпайтынбыз. Бірақ соның арқасында осындай деңгейге жетіп отырмыз».

  Айдын мырза сұхбат барысында қолдың ептілігіне жеке тоқталып кетті. Себебі бұл кейбіреулеріне туа бітсе, кейбіреулеріне жүре келе пайда болады екен.

«Қолдың ептілігі – ең басты талап. Кейде бір мезетте екі қуыршақты ойнатуға тура келеді. Яғни сен бір қолыңмен қуыршақты қозғалытып, екінші қолымен сөйлетесің. Әрине бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді», –  дейді Айдын мырза.

Эльвира ханым да бұл пірікірді толықтыра түсті: «Қолдың ептілігі болмаса, қуыршақты ойната алмайсың. Ал сол қуыршақ сенсің. Сен не істесің қуыршақ та соны жасайды. Бұл үлкен практика мен еңбекті талап етеді.  Алайда бұл қасиет кей біреулерге туа бітеді. Мысалы: Айдын мырза. Айдында бұл қасиет, табиғатынан бар. Енді өзімде бұл қасиет бар ма, жоқ па білмеймін. Бірақ қолыма қуыршақты ұстасам болды, әрі қарай ойнатып алып кетем».  

«Театрға келетін жас актерлер, біз секілді арнайы оқып келеді. Бірақ бәрібір сахнада оларға жол көрсетіп, өзіміздегі ақыл-кеңеспен бөлісіп отырамыз. Себебі олардың да қиналып, түсінбей қалатын кездері болады. Өзіңдегі барыңмен бөліскен ең пайдалы жұмыс», – дейді Айдын Жақыпбаев.

Бір сахнада бірге ойнау – олардың арасындағы кәсіби үйлесімділікті нығайтқан. Себебі бір-бірінің ойынына сын айтып, өз көзқарастарын білдіріп отырған. Осы кезде Эльвира ханым «Абай» спектакльіне арнайы тоқтап өтті.

«Абай спектакльінде екеуміз бірге ойнадық. Кейде менің сахнадағы әрекеттерім жолдасыма ұнамай қалатын сәттер болатын. Бірақ менің бір қасиетім бар: сахнаға шыққан сәттен бастап өзімді толық еркін сезінемін. Жанымда жұбайым тұр ма, жоқ па – оған көңіл бөлмеймін. Көрермен алдында ұялу, қысылу деген болмайды. Ойыма қандай әрекет келсе, шынайы түрде орындаймын».

Айдын мырза да Эльвира ханымның сөзін жалғастырып: «Шынымен де Эльвира сахнада бөлек, өмірде бөлек адам. Дәл осы «Абай» спектаклінде кейбір әрекеттері маған ерсі көрінді. Тіпті сахнадан түскенде: «Мүмкін бұл әрекетті істемей-ақ қоярсың?» деп айтқан да кезім де болды. Бірақ режиссер қалдырамыз дегенен кейін, көнуге тура келді».

Ерлі-зайыпты әріптестер жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтап отыр. Балалар тәрбиесі мен гастрольдік сапарлар бір-біріне кедергі келтірмейтінін айтады.

«Біздің балалар ерте есейді. Алғашында әрине, екі баламыз дүниеге келгенде әке-шешеміз қолдау көрсетті. Кейін қызымыз бен ұлымыз есейіп, өздігінен өмір сүре алатын деңгейге жеткен соң, кейінгі үш балаға мүлдем алаңдамадық. Олар өз кезегінде кішкентайынан өз беттерінше өмір сүруге бейімделді. Сондықтан бізге алаңдау қажет емес», – дейді Эльвира ханым.

«Біз гастрольге жиі шығатынбыз, шетелдік сапарлар да аз болмады. Сол кездерде тұғыштарымызға кейінгі балаларды сеніп тапсырып, еш уайымсыз жол шығатынбыз», – дейді Айдын мырза.  

 

Сұхбаттың соңында Эльвира ханым жастық шақта бастарынан өткен қиын бір сәтпен бөлісті.

«Ресейдегі гастроль кезінде қайнап тұрған «кипятильник» жарылып, Айдын мырзаның көзіне зақым келген. Дәрігерлер «соқыр болып қалуы мүмкін» дегенде, Эльвира көз жасын тыя алмай жылаған. Қазір күлкімен еске аламыз. Бірақ ол сәт біз үшін сабақ болды», – дейді олар.

Қуыршақ театры – шынайылықтың сахнасы. Ал оны өмірінің бір бөлшегіне айналдырған жандар – Айдын Жақыпбаев пен Эльвира Сүлейменова – көрерменге қуыршақ емес, тірі бейнені сыйлап жүрген сахна сиқыршылары.

 

Сұхбаттасқан: Аян САЛДАТХАН,

Кинотеледраматургия мамандығының 2 курс студенті

 

29.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5811
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5955
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20930
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19558
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23027