Қыдыралыұлы желтоқсан куәгерлеріне құрмет көрсетті

Қыдыралыұлы желтоқсан куәгерлеріне құрмет көрсетті
 

Таяуда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 желтоқсанда алаңға барған батырларымызға тағзым ету күні деп атауға ұсыныс жасағаны талай сырды аңғартып тұрса керек. Желтоқсанның статусын анықтап, әлі де мұқият зерттеп, нақты тұжырым жасайтын, оқиғаның ақиқаты толық ашылатын уақыт алыс емес.


Осы орайда бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Тәуелсіздіктің бастауына айналған Желтоқсан оқиғасының айбынды куәгерлерін қабылдап, сый-құрмет көрсетті.
— Сіздермен бауырлық пейілмен, достық шыраймен, жылы жүзбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын.
Баршаңызға белгілі, Мәскеудегі орталықтан саяси тәуелсіздікті талап ету мақсатында Алматыда орын алған жастар толқуы ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан оқиға болды.


Бұл – Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі. Бүгін сол көтерілістің қаһармандарын еске алатын сәт туып отыр. Бір анығы сол, азаттыққа деген аңсау қазақ жастарын кеңес билігінен, қаһарлы империядан сескендіре алмады. Сол толқулардан арада бес жыл өткенде Қызыл империя күйреп тынды. Алаш үшін азаттық таңы атты. Бұл еліміз үшін тарихи маңызы бар үлкен оқиға еді. Сіздер сол тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар. Қаншама жастың ұлтшыл атанып, қуғын-сүргінге ұшырағанын, ақ қар, көк мұзға құлағанын көрдіңіздер, қаза қасіретін жүрекпен сезіндіңіздер, — деген аудан басшысы желтоқсанның ызғарлы желіне қарамастан алаңға шыққан Исмайл Хаджимуратовқа, Жомарт Телеуовке, Мейрамкүл Айнабековке, Нүрилә Мүражановқа, Қарлығаш Күзековаға, Шолпан Сейдуалиеваға, Есенбек Әміртаевқа, Жәмилә Дартаеваға, Назира Кеңесбаевға, Әбілхан Жәнібековке, Әшім Әбдіғапароваға, Сәкен Мырзабайға, Кенжебай Пшановқа, Елеусіз Атамбаевқа Алғыс хатын және сыйлықтар табыс етті.
Желтоқсан куәгерлері жиын соңында сөз алып, егемендіктің мәңгі болуын тілеп, аудан басшының құрметіне алғыстарын жеткізді.
Сондай-ақ аудан басшысы желтоқсандықтардың өтініші бойынша ескерткіш тақта орнатуға келер жылы ықпал ететінін айтты.

Жамбыл ауданы әкімдігі
15.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 248
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 383
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 380
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 611
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 553

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9255
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8651
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11878
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9649
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10860