Қырғызстанның ұлттық статистикалық комитеті: «Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша республика халқының саны 6 млн 977 мың адам болды.
Тұрақты тұрғындардың нақты саны 2009 жылмен салыстырғанда 1,6 млн адамға артып отыр. Жылына орта есеппен 2,1 пайыз өсім байқалады. Халық санағы мен тұрғын үй қорының көлемін анықтау көктемде екі кезеңмен жүргізілген. Жаз кезінде статистика комитеті алынған мәліметтерді өңдеудің бірінші кезеңін атқарған. Қазір мәліметтер бойынша жіберілуі мүмкін логикалық қателер тексеріліп, ағымдағы демографиялық есеп деректерімен (жынысы, жасы, аумақтық бөлініс және т.б.) салыстыру жүргізіліп жатыр. Бұл кезең жыл соңында аяқталады», – деп хабарлайды.