Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолы кімге пайдалы?

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолы кімге пайдалы?

2024 жылы 27 желтоқсанда Қырғызстанның Жалалабад қаласында Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолы жобасын бастау салтанаты болып өтті. Аталмыш жоба үш елдің арасында «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Бұл өз кезегінде Қытай мен Орталық Азияның өзара байланысын одан әрі тереңдете түсетін болады. Құрылысы ресми түрде басталған бұл теміржол Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Қашқар қаласынан басталып, Тұрғат асуы арқылы Қырғызстанға кіреді, одан кейін Қырғызстанның шекаралас Жалалабад қаласы арқылы батысқа қарай өтіп, Өзбекстанның шығысындағы Әндіжан қаласына тіреледі. 

Үш тарап Қытайдағы учаскенің құрылысына жауапты болады, ал өзбек тарапы Өзбекстандағы учаскені жаңарту және трансформациялау жұмыстарын жүргізбек. Үш елдің үкіметтері рұқсат берген кәсіпорындар құрған бірлескен кәсіпорын Қырғызстандағы учаскені қаржыландыруға, салуға және пайдалануға жауапты болады. Жоспарға сәйкес теміржол құрылысы 2025 жылы шілде айында ресми түрде басталып, 2031 жылы аяқталмақшы, жалпы ұзындығы 523 шақырым болады. Оны келешекте Батыс Азия мен Оңтүстік Азияға дейін кеңейтуге болады деген де болжамдар бар. Өз кезегінде бұл үш елдің өзара байланысына, сонымен қатар Орталық Азия аймағындағы көліктік интеграцияға көмектесетін болады. 

Негізінде Қытай мен Қырғызстан арасында теміржол салу ісі ертеректе көтерілген еді.  2001 жылы 5 ақпанда Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі осы Жоба туралы арнайы заң қабылдап, оған Асқар Ақаев қол қойған екен. Өкінішке қарай, түрлі саяси және әлеуметтік өзгерістерге байланысты жобаны қолға алу ісі кейінге шегеріле берген.

Жаңа теміржол салу туралы ресми уағдаластық басталғандығы туралы хабарға әлемдік басылымдар да назар аударып жатыр.  Мәселен «Америка даусы» радиосының қытайтілді қызметі 2024 жылы 28 желтоқсанда «27 жылға созылған келіссөздерден кейін Ресей ақыры өз ұстанымын босатып, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысы басталды» атты мақала жариялады. Мақалада «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолын салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға ресми түрде 1997 жылы қол қойылып, жоспарлау мен талқылау ширек ғасырға созылды. Бұрын Ресей кез келген елдің Орталық Азиядағы ықпалының кеңеюіне өте сақтықпен қараған. Атап айтқанда, бұл теміржол Ресей аумағынан өтпейді, бұл Ресейдің Орталық Азиядағы үстемдігіне әсер етеді. Қазір теміржол құрылысы басталғалы жатқандықтан, жоспардың қарқыны көтерілуде, бұл да Ресейдің Қытайға деген көзқарасының өзгергенін көрсетеді» делінген екен.

Ал Қытай басылымдары болса «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысы аяқталғаннан кейін бұл үш ел мен олардың халқына пайда әкелетін және аймақтық экономикалық және әлеуметтік дамуды арттыратын стратегиялық арнаға айналады» деп дәріптеп жатыр.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
09.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 199
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 142
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 76
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 150
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 74

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14413
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13204
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16483
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15369
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20424