РАМАЗАН

РАМАЗАН

 

Бөленіп шексіз, шетсіз сауаптарға,

Тілейміз дұға-тілек әр ақ таңда!

Бұл айға жеткен де бар, жетпеген де,

Сондықтан тәубә-тәубә, Жаратқанға!

 

Бұл айда құлшылық ет, қарап қалма,

Сол үшін пенделерін жаратты Алла!

Бұл айда кісенделіп жын-шайтандар,

Бұл айдың іші толы ғажаптарға!

 

Бұл айда құран түскен ардақтауға,

Ғайбат-өсек,  болмайды арды аттауға!

Мың айдан да қайырлы, сыры терең,

Бұл айға Қадір түнін таңдапты Алла!

 

Бұл айда ізгіліктен жырақтама,

 Кешір бәрін, кешірсең, сыр ақтар ма! 

 Алла үшін жомараттық танытқанға,

Алла да жолын ашар сынақтарда! 

 

Пайғамбардай мәрт болғын, талаптан да,

Талаптыға нұр жауар әр ақ таңда!

Тіл  тиылып, өр мінез кішірмесе,

Аш жүргенің қажет пе, Жаратқанға!

 

Қажет емес аштығың, Жаратқанға,

Нәпсіңді жең, нәпсіңді, қарап қалма!

Садақаны жоқ-жітік, кембағалға,

Сансыз сауап жазылар, таратқанға!

 

Сансыз жауап жазылар жомарт жанға,

(Не жетеді санаңды жаңартқанға!).

Ораза бұл – құлшылық сыры бөлек,

Сауабын Алла берер сондықтанда!

Нағашыбай Қабылбек
24.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 87
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 70

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 59
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 57
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 148
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 308
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 489