Редактордың айтары. бар Кеңес империясының шаңырағын шайқалтқан Желтоқсан көтерілісінің ақиқаты қашан ашылады?

Редактордың айтары.  бар Кеңес империясының шаңырағын шайқалтқан  Желтоқсан көтерілісінің ақиқаты қашан ашылады?

Уақыт  не деген жүйрік?! Кезінде әлемді өзіне қаратқан Желтоқсан көтерілісінің күркіреп өткеніне де 39 жыл өтіпті. Ол күндері орыс әскерінің қатаң қадағалауына қарамастан, жас өрімдер өз құқын қорғау үшін табандылықпен күресті. Бүгінде сол батырларымыз алпыстың асуларын бағындырып, ақсақал жасқа жетті. Жан мен тән жарасы меңдеп, осы күнге жетпей арманда кеткен Желтоқсан қаһармандары қаншама десеңізші! Арманда кеткен себебі, оларға, қазір жер басып жүрген қаһармандарымызға  ішінара азын-аулақ көмек көрсетілсе де, лайықты құрмет көрсете алмай келеміз. Егер сол аты шулы көтеріліс болмағанда, біз тәуелсіздікке қол жеткізе алар ма едік? Мәскеудің көк мұзы еріп, Кеңес империясы құлар ма еді? Қайдам?..

 Иә, Желтоқсан көтерілісінің мәні ерекше және маңызды. Алайда, біздің билік мұны ескермейтін, білмейтін сияқты. Билік тарапынан бұл тарихи оқиға әлі толық зерделеніп, бағаланбай келеді. Біздің билік қаһармандарымыздың ерліктерін, сан қилы тағдырларын және асқақ армандарын кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етуі тиіс еді. Мінеки, қырық жылдай уақыт өтсе де, көтеріліске лайықты мәртебе берілмей отыр. Бұл – нағыз ұят! Көтерілістің ақиқаты әлі ашылмай отыр, ал  тарихи   деректер   толық жарияланбай келеді. Шынтуайтына келсек,  бұл көтерілісте бірнеше емес, жүздеген жастарымыз қыршын кетті деген нақты деректер бар. Олар неге  айтылмайды, шындығы неге ашылмайды?

Біз кімнен қорқамыз? Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел емес пе? Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығы қарсаңында көтеріліске лайықты мәртебе беріліп, нағыз шындығы ашылып, нақты бағасы анықталатынына сенім мол. Келіп жатқан тәуелсіздік мерекесі құтты һәм шынайы болғай! 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

11.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20923
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20708
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35842
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34356
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38239