Бұл сауалға референдум аясында өткен брифингте жауап берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алдымызда біраз жұмыс бар. Бүгін дауыс беріп жатқан Конституция баптарын іске асыруымыз керек. Заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, партия мен парламентке қатысты түзетулер бар. Меніңше, біздің парламентіміз ол жұмысты абыроймен атқара алады. Бүгін халқымыз дауыс беріп жатқан жаңалықтар еліміздің қоғамдық өміріне көптеген өзгеріс әкеледі. Шын мәнінде, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас парадигмасы өзгереді. Адам құқықтары бірінші орынға шығады. Осы орайда Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жаңа мәртебе беріледі. Ал мемлекет басшысы халқына адал қызмет етуге және Конституцияны қатаң сақтауға міндетті. Мен мүны о басты қағидат ретінде ұстанатын боламын. Алдымызда тұрған мақсатымыз, жұмысымыз өте ауқымды. Бәріміз ұлт болып, ел болып жұмыс істеуіміз керек. Еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес. Сондықтан еліміз өте қырағы болуы керек. Бәріміз бір жұдырық болып, қауіп-қатерге тойтарыс беруіміз керек», — деп атап көрсетті.