Референдумнан халық үмітті

Референдумнан   халық үмітті

Ел тағдырын айқындайтын маңызды кезеңдегі Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің әрі қарай дамуының кезекті қадамы екенін бәріміз түсінеміз. Ендеше ардагерлеріміз «Ата заңымызға» енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіруде белсенділік көрсетіп, 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысып өз таңдауын жасауға халықты шақыруы керек».

Бұдан басқа, Орталық кеңесте барлық 17 өңірдегі филиалдар төрағаларының ұйымдастыруымен референдумды қоғамдық қолдау штабтары құрылып жұмыс істеп жатқаны айтылды. Олардың қатарына жергілікті өңірге танымал, мемлекет және  қоғам қайраткерлері, елге  сыйлы ардагерлер жұмылдырылыпты. Штаб құрамындағы ардагерлер конституциялық реформалардың негізгі ережелерін тұрғындарға кеңінен түсіндірумен айналыспақ.  Бұл- жұмыстар еліміздің барлық өңірі бойынша жүргізіліп жатыр екен.

Сонымен қатар,  Орталық кеңесте штаб жұмысын ұйымдастыруға қолайлы болу үшін әзірленген нұсқаулық пен іс-шаралар жоспары, онда штаб мүшелері атқаратын жұмыстар  нақты бекітілгені де пысықталды.

Мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Ерғалиев өз сөзінде билік басына келген екінші Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату идеясын ортаға тастағанын, Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынғанын, сондай-ақ қазақстандық қоғамды алаңдатып отырған, сан алуан пікірлер тоғысып жатқан алаңға орынды бастамамен шыққанына назар аудартты. 

Жиынның қортындысында, Ел ардагерлері Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Конституцияға өзгерістер енгізу туралы өз пікірін айтуға құқылы екенін айтып, Қазақстан халқын бүкілхалықтық референдумды қолдауға шақырып Үндеуін  жариялады.

 

Ел ардагерлерінің бүкілхалықтық референдумды қолдауға шақырған Қазақстан халқына

Үндеуі:

Құрметті Қазақстандықтар!

Еліміздің ертеңі – ұрпағымыздың болашағы үшін барша  қазақстандықтарды 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысуға шақырамыз! Президент Қазақстан халқына жариялаған биылғы Жолдауында ауқымды саяси реформалар ұсынды.  Бұл реформалар  – жаңа әрі әділетті Қазақстан құру жолында жасалған ірі қадам. 

Ұлт мүддесіне сай бастамаларға қолдау көрсетіп, Мемлекет басшысының саясатын қолдап, біз Қазақстандықтарға үндеу жариялаймыз! Президент ұсынған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріс пен толықтыру енгізілмек. Аталған өзгерістерді құқықтық тұрғыда бекіту үшін президент республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум мемлекеттің нақты өзгерістерге бет бұрғанын көрсетеді. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – «мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принциптің іс жүзінде орындалуының айғағы. Еліміздің ертеңі – халықтың қолында!Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрудағы мақсат, азаматтарымыздың  құқығы қорғалатын мемлекетті жетілдіру, одан әрі нығайту. Ардагерлер қауымыконституциялық реформаның маңыздылығын терең түсіне отырып, референдум өткізуді түгел қолдайды!  Еліміз үшін маңызды таңдау жасаудан шет қалмай 5 маусымда өтетін референдумға бір кісідей жұмыла қатысуға барлық қазақстандықтарды шақырамыз!

Сіздің таңдауыңыз – Сіздің болашағыңыз!

Нағашыбай Қабылбек
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 146
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8839
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448